Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ бірінші жартыжылдықты қорытындылады
1274 / 24.07.2020 00:00

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ бірінші жартыжылдықты қорытындылады

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының еншілес ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығын табысты аяқтап, сандық және сапалық көрсеткіштері жақсарып, межесінен асыра орындалған.

Айталық, локомотивтің өнімділігі өткен жылдың екі тоқсанымен салыстырғанда 1,2%, локомотивтің жүрісі 2,5% артса, жүк тиеген пойыздың телімдік және техникалық жылдамдығы 100% орындалған. Ал жыл басынан бергі алты айда «ҚТЖ» ҰК»АҚ желісіндегі жүк айналымы 111 млрд.тонна-км құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 3,9% жоғары болған еді. Бірінші жартыжылдықта тиелген жүк көлемінің 121 млн тоннаны құрағанын бұдан бұрында хабарлағанбыз.

Осы ретте, жүк тасымалын ұйымдастырушы ұлттық оператордың елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде де еңбек қорғау және пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар қойып, сақтық шараларын күшейткен еді. Соның нәтижесінде, алты айда қауіпсіздіктің бұзылуы деңгейі өткен жылға қарағанда 31 % төмендеп, ахуал біраз жақсарған.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ мамандары пойыздар тартымына кететін отын-энергетикалық ресурстардың шығындарын азайту күн тәртібіндегі басымдыққа ие шаруалардың легінен екенін айтып отыр. Осы бағытта атқарылған арнайы шаралар да көп күттірмей жемісін бере бастаған сыңайлы. Мәселен, қаңтар-маусым аралығында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 8780 тонна дизель отынын үнемдеуге қол жеткізілген. Демек, бұл дегеніміз өткен жылдың есепті мерзіміндегі көрсеткіштен 3,4% жоғары. Ал дизель отынының бекітілген жоспарға сай үлестік шығынына келсек, ол 27,44 кг/өлшемді құраған. Сонымен қатар пойыздар тартымына жұмсалған электрэнергиясының 20 307 мың кВт/сағатқа үнемделгенін де айтар едік.

Теміржол көлігінде жүк тасымалын ұйымдастырушы мамандар алдағы алты айға да маңызды міндеттерді іске асыруды жоспарлап отыр. Солардың қатарында тарифтік жүк айналымы көлемін 222,6 млрд тонна-километрден кем орындамау, жүк тиелімі көлемін 250 млн тонна шамасына жеткізу міндеттері көш бастаса, отын-энергетикалық ресурстарды үнемдеу және де Қытай – Еуропа – Қытай бағытындағы транзиттік контейнерлік пойыздардың маршруттық жылдамдығын тәулігіне 1150 километр деңгейіне жеткізу басымдыққа ие мәселелер қатарынан орын алып отыр. 

Поделиться:
Популярные новости
22 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

22 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

5 / 30.05.2026

Көкшетау локомотив депосында жұмысшылардың еңбек және демалыс жағдайлары жақсарды

Көкшетау станциясында локомотивтерге техникалық қызмет көрсету цехын, әкімшілі...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер