Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
«Өндірістік қауіпсіздік» мобильді қосымшасын теміржолшылар кеңінен қолдануда
995 / 23.07.2020 00:00

«Өндірістік қауіпсіздік» мобильді қосымшасын теміржолшылар кеңінен қолдануда

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында «Өндірістік қауіпсіздік» - «Жүріс-тұрыс диалогтары» модулінде қызметкерлерге арналған мобильді қосымша әзірленді. Бұл қосымша еңбекті қорғау саласындағы кемшіліктер мен бұзушылықтарды тіркеу үшін жасалған болатын.

Ол еңбек қорғау саласындағы ықтимал тәуекелдерді басшылыққа жедел хабарлауға және әрекет етуге, сондай-ақ, қауіпті жағдайларды жою жөніндегі шаралардың орындалуын қадағалауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта сала еңбеккерлері өз смартфондарына жүктеп алған қосымшаға «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның да 26 мыңға жуық қызметкері тіркеліпті, яғни бұл ұжымның жартысынан көбін құрап отыр. Осы ретте, атап өтерлігі әрбір қызметкер қосымшаның көмегімен еңбек қорғау талаптарының бұзылғаны туралы, қауіпті әрекеттер мен жағдайлар туралы хабарлап, қауіпті жұмысты тоқтату қажеттілігі туралы мәлімдей алады. Хабарламасын бейне және фотоматериалдармен толықтыруына болады.

– Барлық хабарламалар басшылық тарапынан қараусыз қалмайды және кемшіліктерді жою үшін әрі мұндай жайт келешекте қайталанбас үшін тиісті шаралар қабылданады, – дейді «ҚТЖ» ҰК»АҚ-ның Өндірістік қауіпсіздік және экология департаментінің директоры Асхат Сариев.

Оның айтуынша, қызметкер өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп тұрған жайтты, өзі жұмыс істеп жатқан учаскедегі жұмыстарды тоқтатып және шара қабылдау үшін жасырын хабарлауына да болады.

– Қызметкерлерге «жоғарыдан» келетін нұсқауды күтпестен, жергілікті жерлерде келеңсіз жайттарға тосқауыл болу қажеттігін сезініп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жауапкершілікті өз мойнына алуына таңдау жасау мүмкіндігі беріліп отыр. Келеңсіздіктің алдын алу – демек, біреудің өмірін сақтап қалу, – деп атап өтті Асхат Сариев.

Қазіргі таңда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ компаниялар тобы бойынша 4824 Қауіпсіздіктің жүріс-тұрыс диалогы тіркеліпті, соның 1000-нан астамын «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлері жіберген. Сөз реті келгенде, Ұлттық компанияның Бизнесті трансформациялау бағдарламасы аясында өндірістік қауіпсіздікті басқарудың жаңа үлгісіне көшкенін және ол біртіндеп нәтиже беріп жатқанын атап өтер едік. 

Поделиться:
Популярные новости
37 / 10.12.2024

Сенім сертификаттарын "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС 4 теміржол кәсіпорны алды.

Сенім сертификаттарын "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС 4 теміржол кәсіпорны алды. "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС бас инженері М. К. Көкрекбаев еңбек қауіпсіздігі ж...

123 / 04.12.2024

«Тіл - мемлекеттіліктің негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 4 желтоқсанында «Тіл - мем...

476 / 02.12.2024

"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-нің 5 мыңға жуық қызметкерін жеткізу жаңа автокөлікпен жүзеге асырылатын болады

"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС компания филиалдарына 36 бірлік жаңа автокөлік сатып алды. Жыл соңына дейін тағы 7 бірлік жеткізу жоспарлануда. Жолаушыл...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер