Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
ҚР мен ҚХР теміржолшылары шекаралық станциялардағы жүк ағынын арттыруды жоспарлауда
927 / 22.06.2020 00:00

ҚР мен ҚХР теміржолшылары шекаралық станциялардағы жүк ағынын арттыруды жоспарлауда

Алматы ЖТ бөлімшесінің директоры Нұрым Жаниязов бастаған қазақстандық және Үрімші темір жолының халықаралық қызмет бастығы Лю Шучен жетекшілік ететін қытайлық делегацияның қатысуымен бейнеконференция форматында селекторлық отырыс өткізілді. Бейнеконференцияға Достық және Алтынкөл(ҚР), сонымен қатар Алашанькоу мен Қорғас(ҚХР) станцияларының бастықтары да қатысты.

Тараптар ҚР мен ҚХР шекаралық темір жолдары бойынша 2020 жылдың 5 айындағы жұмыс қорытындысын шығарды, жылдың соңына дейін жүк тасымалы көлемін орындау жөніндегі шараларды қарастырды.

Соның ішінде Достық-Алашанькоу және Алтынкөл-Қорғас шекара өткелдері арқылы пойыздар өткізгіштігін арттыру бойынша бірлесе атқаратын іс-қимылдар талқыланды.

Биыл бес ай ішінде ҚР мен ҚХР арасындағы тасымал көлемі 8 млн тонн жүк болып, оның 2019 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 28%-ға артқаны атап өтілді. Оның ішінде Достық станциясы арқылы 6 млн тонна түрлі жүктер тасымалданған, бұл 2019 жылдың қаңтар-мамыр аралығындағы көрсеткішке қарағанда 24%-ға көп, ал Алтынкөл станциясы арқылы 2 млн тонна жүк өткізіліп, оның өсімі 44%-ды құраған.

Селектор барысында таяу уақытта Достық станциясынан Алашанькоу станциясына тәулігіне 16-18 пойыздан жөнелту, ал қабылдау жөнінен тәулігіне 12 пойызға дейін қабылдау бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.

Нұрым Жаниязов атап өткендей, бірлеске шаралар жүк тасымалы көлемін арттыруға ықпал етеді, қазіргі сәтте шекаралық станциялардың бұған техникалық мүмкіндіктері жеткілікті.

Өз кезегінде қытай тарапы Қорғас станциясының өткізгіштік қабілетін арттыру үшін дамытуға инвестицияны көбейту жөнінде жоспарлары туралы мәлімдеді. 


Поделиться:
Популярные новости
37 / 10.12.2024

Сенім сертификаттарын "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС 4 теміржол кәсіпорны алды.

Сенім сертификаттарын "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС 4 теміржол кәсіпорны алды. "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС бас инженері М. К. Көкрекбаев еңбек қауіпсіздігі ж...

123 / 04.12.2024

«Тіл - мемлекеттіліктің негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 4 желтоқсанында «Тіл - мем...

476 / 02.12.2024

"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-нің 5 мыңға жуық қызметкерін жеткізу жаңа автокөлікпен жүзеге асырылатын болады

"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС компания филиалдарына 36 бірлік жаңа автокөлік сатып алды. Жыл соңына дейін тағы 7 бірлік жеткізу жоспарлануда. Жолаушыл...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер