Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Аңызға айналған Түрксіб құрылысы – Жамбыл ЖТ мұражайында
1022 / 04.06.2020 00:00

Аңызға айналған Түрксіб құрылысы – Жамбыл ЖТ мұражайында

Орталық Азияны арзан нанмен қамтамасыз еткен Түркістан-Сібіт магистралының құрылысы туралы бірегей экспонаттар мен құнды тарихи материалдар там-тұмдап жиналды. Магистрал бойынша қозғалысы 90 жыл бұрын орын алды. Бүгінде аңызға айналған құрылыс тарихына Жамбыл ЖТ бөлімшесінің салыстырмалы әлі де жас мұражайында және де ғасырлық тарихы бар Жамбыл локомотив пайдалану депосының мұражайында бой сүңгітуге болады. Олардың әрқайсысы өзінше айрықша да өзінше қызғылықты.

Бөлімшедегі мұражай сала ардагерлері мен кәсіподақ бастамасы бойынша ашылып отыр. Онда ерекше орын Түрксіб құрылысфына арналған тарихи материалдар алады.

Ақ-қаралы фотоларда болат жолдың рельстерін қоюдың тарихи сәті айшықталған. Құрылыс екі жақтан: Семей қаласынан және Луговая станциясынан бірдей жүргізілді.

Ауқымды жобаға 50 мың адам тартылды. Құрылысқа Мәскеу, Ленинград, Харьков және КСРО өзге де өндірістік орталықтарының білікті мамандары келді.

Түрксібті жаңа өмір жолы атады. Магистральдвң өңір өміріне үлкен ықалы болды, Алматы уездік қаласының жаңа өміріне тыныс берді, жаңа қалалар және Жаңасемей, Шар, Жаңғызтөбе, Ақтоғай, Матай, Сарыөзек, Шу, Аягөз, Отар және өзге де жұмысшылар поселкелері ашылды.

Түрксіб ұлттық кадрлар ұстаханасы болды. Оның құрылысы мен дамуының жылдары барысында бұрынғы көшпенділер теміржолшы мамандығын иемденді және отбасылық теміржол әулетінің лайықты негізін қалаушылары болды.

Мұражайдан сол дәуірдегі слесардың куәлігін, маңызды тарихи шешімдер қабылданған жолдың бірінші басшысының жұмыс үстелін, Ленинградтық «Красная заря» зауыты конвейерінен шыққан ескі телефондарды, патефонды, қайланы, жолшы балғаларын, 1887-1888, 1907, 1916 жылғы рельс үлгілерін көруге болады. Мұражайға харковтық шеберлер құйған мыс станциялық қоңырау қойылған.

Ұлы Отан соғысы кезеңіне арналған бөлігінде әскери формалар, компас, каска, котелок, газға қарсы құрал қойылған. Бұл жерде батыр-қалалардың: Сталинградтың, Ленинградтың, Минскінің, Одессаның, Кечидің, Мәскеудің және де қазақстандықтар, соның ішінде теміржолшылар өмірін берген Дубосекова разъезінің топырағы сақтаулы.

Бөлімшенің әкімшілік ғимараты жанында темір жолдың қалыптасуы мен дамуының үнсіз куәгерлері, екі ғасырлық емендер тұр.

Мұаражай құрылысы кезінде негізгі қабырға екі талдың бірінен өтуі тиіс болатын, алайда қабырғаны еменді айналдыра тұрғызу туралы шешім қабылданды.

Локомотив пайдалану депосы мұражайында өткен жүзжылдықтың 20-шы жылдарына тиесілі экспонаттар, сондай-ақ қазіргі теміржолшылар үшін аңызға айналған адамдар туралы ақпараттар сақтаулы.

Депоның құнды экспонаты – сала майталманы, 1926 жылы шыққан паровоз. Ол депо аумағындағы тұғырда еңселі болып тұр. Айрықша техникаға Еуропада тапсырыс берілген, Кеңестер Одағының үкіметі оған алтынмен төлеген.

Бейбіт күндері паровоз өңірге пайда келтірсе, әлемдік соғыс жылдарында майданға құнды жүктерді жеткізіп тұрды. Ұлы Отан соғысы кезеңіне арналған мұражайлық экспозициялар ауқымдылардың бірі екендігін атап кеткен жөн. 200 астам жымбылдық теміржолшылар алдынғы шепте соғысты, пойыздарды жүргізді.

Мұражайда жамбылдық машинист Николай Алферин ерлігі – ол неміс паровозымен Берлин – Лихтенберг теміржол станциясында әскери қару-жарақ пен техника тиелген құраммен атыстың астында қалғаны туралы анықтама сақтаулы.

Шыны сөре астында теміржолшылардың әскери және еңбек наградалары, әрбір қазақстандық отбасы тағатсыздана күткен уақыт өте сарғайған майдандық үшбұрышты-хаттар қойылған.

Мұражайда машинистер мен олардың көмекшілері сапарға шығатын ұстағышы бар метал сандықшаларды (шарманкалар) кездестіруге болады. Оларда сапарға қажетті заттар, түскі немесе кешкі ас сақталған.

Сандықшалар абайсызда жол заттары зақымдамауы үшін қаңылтырдан жасалды. Шарманкасының арқасында машинистерді көшеде алыстан танитын.

Шыны астында машинистредің қалта қызметтік сағаттары, бұрын олар бойынша станцияға келуі уақытын анықтайтын.Сағаттар нөмірленген және жұмыс үшін қызмет жасайтын. Темір жолы әр уақытта да қозғалыс кестесін қатан сақтады.

Экспонаттар арасында – локомотивтердің алғашқы машинистерінің: Түрксібтің белгілі машинист-нұсқаушысы Сыздық Опиновтың, Түлкібас станциясында пойыз апатының алдын алған, балалық шағынан теміржолшы болуды армандаған машинист Дмитр Кулагиннің сарғайған фотолары. Алдымен оны депоға жұмысшы ретінде қабылдап, ал жасы жетісімен – локомотив бригадасына.

Локомотив депосы машинистерінің арасында бұрынғы чапаевшыл Михаил Юдаков, көрнекті қызыл командир Александр Пархоменконың жүргізушісі Иван Неклюдов, бірінші әйел-қазақ машинисі Зәбира Жүсіпова, ол Ленин және Октябрь революциясы ордендерінің кавалері болды. Теміржолшы тағы бір әйелдің, пойыз жүргізген Таисия Воробьеваның кителін туысқандары мұражайға тапсырған.

Бөлімше мұражайы Қазақстан мен өңірлер темір жолы дамуының қазіргі тарихын паш ететін жаңа экспонаттармен толығуда. 

Поделиться:
Популярные новости
37 / 10.12.2024

Сенім сертификаттарын "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС 4 теміржол кәсіпорны алды.

Сенім сертификаттарын "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС 4 теміржол кәсіпорны алды. "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС бас инженері М. К. Көкрекбаев еңбек қауіпсіздігі ж...

123 / 04.12.2024

«Тіл - мемлекеттіліктің негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 4 желтоқсанында «Тіл - мем...

476 / 02.12.2024

"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-нің 5 мыңға жуық қызметкерін жеткізу жаңа автокөлікпен жүзеге асырылатын болады

"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС компания филиалдарына 36 бірлік жаңа автокөлік сатып алды. Жыл соңына дейін тағы 7 бірлік жеткізу жоспарлануда. Жолаушыл...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер