Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі: тиеу көлемін арттыру, маршруттауды дамыту
Ағымдағы жылдың 11 айында Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша жүктерді тие...
Темір жолда сыбайлас жемқорлықтық бұзушылықтар фактілерін болдырмас үшін қызметкерлер мен жүкжөнелтушілер арасындағы жеке байланыстарды қысқартылды. «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ сыбайлас жерқорлыққа қарсы іс–әрекет және алдын алу бойынша кешенді жұмыстар жүргізуде. Басты міндет – еңбек ұжымдарында сыбайлас жемқорлықтың кез келген формалары мен көріністерін қабылдамауды қалыптастыру. Осыған байланысты, акционерлік қоғамда 2020 жыл «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА «ЖОҚ» ДЕП АЙТ» ұранымен өтетін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жыл болып жарияланды.
Теміржол жүк тасымалы саласындағы сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–шараларды жүзеге асырудың барысы туралы «ҚТЖ–Жүк тасымалы» АҚ маркетинг және жоспарлау жөніндегі бас директор орынбасары Мұхтар Махамбет айтып берді.
Бүгінде жүкжөнелтушілер қағазсыз технология бойынша «Келісім-шарттық және коммерциялық жұмыс» автоматтандырылған басқару жүйесі (ККЖ АБЖ) арқылы онлайн-режимде тасымалдау құжаттарын жедел рәсімдеулеріне болады.
Тасымалдау құжаттарын алу немесе ұсыну үшін жөнелту станциясына барудың қажеті жоқ.
Қазіргі кезде республикаішілік қатынастарда тасымал құжаттарының 90% қағазсыз технология бойынша рәсімделеді.
Теміржолшылар мен жүкжөнелтушілердің жеке байланыстарын болдырмау үшін мекен жайға қайта бағыттау үшін өтініш беру, айлық және тоқсандық жоспарлау процестері автоматтандырылған. Бүгінгі күні ГУ-12 и ГУ-11 формасындағы барлық өтініштер (вагон бойынша жөнелтілімдер) тек қана жүкжөнелтушілермен ККЖ АБЖ арқылы электрондық форматта жөнелтіледі және реттеліп отырылады. «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ орталық аппараты қызметкерлерімен құжаттардың келісімі де электрондық форматта өтеді.
ККЖ АБЖ ЭСҚ қолдану арқылы рәсімделген, қағазсыз технология бойынша ГУ-23 жалпы формадағы актілерді, қосымша алымдар жиынтығы карточкаларын, вагондарды қою мен алып кету мәліметтерін есептеуге және құруға мүмкіндік беретін жаңа функционал әзірленді.
Көкшетау-1, Екібастұз, Нұра және Топар станцияларында пилоттық режимде есепке алу карточкалары мен вагондарды қою және алып кету мәліметтерін рәсімдеу процедуралары автоматтандырылатын болады. Бұл клиенттердің теміржолшылармен тікелей байланысын болдырмайды.
Көкшетау-1 станциясында вагондарды қою мен алып кету туралы есептесу ведомстволары мен жалпы формадағы электрондық актілерді рәсімдеу станционарлық және магистралдық жолдарда вагондардың тұруын автоматтандырылған режимде есептеуге өту бойынша тестік жұмыстар жүргізілуде.
Мұхтар Махамбеттің сөзіне қарағанда, ұжымдарда біркелкі түсініктер қалыптасуы үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет саясаты және Құпиялы ақпараттандыру саясаты бекітілді. Құжаттар корпоративтік веб-сайтта орналастырылған.
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі сараптау жөніндегі жұмыс тобы «Кәсіпкерлер мен қызмет көрсетушілер» ЗТБ, индустрия және инфрақұрылымдық даму, «Адал жол» - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет агентігі жобалық офисі өкілдерінің қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет мәселелері жөніндегі комиссия жұмыс істеуде.
Корпоративтік веб-сайтта, орталық аппарат офистерінде, сондай-ақ өңірлік бөлімшелерінде «8 800 080 19 94 қызу желісі» жұмысы жөніндегі баннерлер, «Адал Жол» офисі мен Сыбайластыққа қарсы қызмет байланыстары, сенім телефондары туралы ақпараттар орналастырылған.
Басшылықтың (орынбасарларды қосқанда) лауазымдық нұсқамалығында оларға қол астындағылармен жасалатын сыбайлас жемқорлық заңбұзушылықтары үшін жауапкершілік туралы ереже қосылған. Тауарларды қабылдау, тауарлар мен қызметтер сатып алуға конкурстарға және кадрларды ашық іріктеу үшін Сыбайластыққа қарсы қызмет өкілдері шақыртылады.
«Әр айдың бірінші дүйсенбісі «сыбайлас жемқорлықпен күреске сараптау жүргізу күні» деп жариялануы», - бұл қызметкерлеріміз ұсыныстарын тындау мен сыбайластыққа қарсы саясаттың маңыздылығын ашық талқылау, сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі актілер нормаларын түсіндіруде ұжымдармен кездесулер өткізу дегенді білдіреді.
Селекторлықты, тораптықты қосқанда өндірістік кеңестер «Сыбайластыққа қарсы лездеме» өткізіледі. Жүкжөнелтушілермен болған кездесулердің әрбірінде жол бөлімшелері басшылары тарапынан қандай да бір қарсы іс-әрекеттің болуы туралы мәселе көтеріледі», - дейді М. Махамбет.
Ағымдағы жылдың 11 айында Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша жүктерді тиеу жоспары 9,5% , ал түсіру 9,2% өсті. Тәулігіне орта есепп...
2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қарағанды жүк тасымалдау бөлімшесінің желісі бойынша қара металдарды тиеу көлемі 2,9 млн тоннаны құрас...
Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің желісі бойынша жүк айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2024 жылдың 11 айында 1,3%-ға ар...