Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Теміржолшылар «Біз біргеміз!» акциясына қосылды
758 / 16.04.2020 17:28

Теміржолшылар «Біз біргеміз!» акциясына қосылды

Теміржолшылар қайырымдылық көмегін жалғыз басты қарт адамдарға, көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларға көрсетуде. Кәсіподақ комитеттері оларға азық-түлік және гигиеналық заттар сатып алды. Олардың мақсаты - карантин кезінде адамдарды қолдау.

Осыдан үш жыл бұрын Павлодар станциясының басшылығы мен кәсіподақ комитеті жұмысшылардың алты көп балалы және толық емес отбасын, сондай-ақ жетім, 11 жасар мүмкіндігі шектеулі баланы қамқорлыққа алды. Оның анасы станцияда жұмыс істеген. Барлығына ішіне ең қажетті азық-түлік өнімдері: картоп, қарақұмық, күріш, кеспе, сүт, қоюландырылған сүт, кәмпиттер, қант, шай, күнбағыс майы, шпроттар, бұқтырылған ет, ұн және шырындар кіретін азық-түлік себеттері жеткізілді. Станция бастығы Нұрлан Қанатбаев бастаған станция жұмысшылары ай сайын өздерінің қамқорлығындағы жандардың жағдайын сұрауға барып тұрады. Карантин кезінде оларға ерекше көңіл бөлінеді.

Бейбіт уақытта теміржолды дамыту жолында еңбек еткен ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне Нұр-Сұлтан станциясы мен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ орталық аппаратының қызметкерлері өз қамқорлығын көрсетті. Теміржолшылар олардың үйіне азық-түлік себеттері мен теміржолшылар өз қолымен тіккен медициналық маскаларды табыстады.

- Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл қызметкерлері өздеріне қауіп төндірмеуі үшін біз оларға күнделікті қажетті заттарды сатып алып, жеткізіп бердік. Коронавирустың барлық алдын-алу шаралары сақталды. Станция қызметкерлері маска мен қолғап киіп, азық-түлік жиынтықтарын контактісіз жеткізуді жүзеге асырды. Қайырымдылық - біздің азаматтық борышымыз. Егер мұқтаж жандарға көмек көрсетуге мүмкіндік болса, оны жасау өте маңызды, - деді, Нұр-Сұлтан станциясының бастығы Ерлан Рахымжанов.

Қарт кісілер өздеріне бөлінген назар мен қамқорлыққа ризашылықтарын білдіріп,  алғыстарын аямады.

- Осындай қажетті уақытта көрсетілген қолдау үшін үлкен рахмет. Теміржолшылар бізді ешқашан ұмытпайды, олар әрқашан көмек қолын созуға уақыт пен мүмкіндік табады. Барлық ұжымға және менің туған станциямның басшысына денсаулық пен өркендей беруін тілеймін! – деді, станцияда 30 жылдан астам уақыт пойыз қабылдаушы болып жұмыс жасаған тыл еңбеккері Нина Нестерова.

Мақат эксплуатациялық локомотивті депосының қызметкерлері де мұндай іс-шаралардан шет қалған жоқ. Олар мұқтаж отбасыларға көмек қолын созды. Еріктілер азық-түлік өнімдерін үйге жеткізіп беру пандемияның таралу қаупін азайтуға мүмкіндік берді деген сенімде.

Поделиться:
Популярные новости
42 / 25.05.2023

Ақмолалық теміржолшылар дала өртін сөндіруге атсалысты

2023 жылдың 24 мамыры сағат 16.57 кезінде жүк пойызының машинисты Константин Власов ...

44 / 22.05.2023

Өрт сөндіру пойызы Абай облысының аумағында өртті сөндіруге қатысуда

2023 жылдың 22 мамырында Семей станциясының өрт сөндіру пойызы Абай облысының Ауыл ...

40 / 21.05.2023

Теміржолшылар балалары арасында мерекелік челлендж жарияланды

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Жас темірж...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер