Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Қандыағаш станциясының жас теміржолшылары  блокпостағы адамдарды ыстық тамақпен қамтамасыз етті
1135 / 07.04.2020 00:00

Қандыағаш станциясының жас теміржолшылары блокпостағы адамдарды ыстық тамақпен қамтамасыз етті

Ақтөбе ЖТ бөлімшесі Қандыағаш станциясының теміржолшылары станция айналасындағы блок-посттарда санитарлық қызмет етуші медиктер мен полицейлерді қолдауға шешім қабылдады. Олар адамдарды ыстық тамақтармен және сусындармен қамтамасыз етті. Қандыағаш айналасында үш санитарлық пост: Жем, Шұбарқұдық және Ақтөбе бағытында жұмыс істеуде. Бұл бір реттік акция емес. «Біз біргеміз» волонтерлік қозғалысы шеңберінде станцияның Жастар ісі жөніндегі кеңесі әкімдікпен бірлесіп жүру мүмкіндігі шектелген адамдарға, көпбалалы аналарға, жалғызбасты зейнеткерлерге, көмек қажет ететін отбасыларға медициналық маскалар мен қажетті заттар, азық түлік таратуда.

Теміржолшылар өз күштерімен тыныс жолдарын қорғау үшін маскалар тігуде және оларды станция тұрғындарына таратуда.

Теміржолшылар әрқашанда ұжымдаса білетін және көмекке ұмтылатын. Біз күш-жігерімізді жұмылдыру арқасында пандемияны тоқтататынымызға сенеміз. Еріктілер коронавирус жұқтырып, өздері таратушы болмауы үшін барлық қауіпсіздік шараларын: маска, қолғап, бір реттік пайдаланылатын халаттар киіп ұстанып жүрді.

Кеңес өткізбеу әрі байланыстарды барынша төмендету үшін, барлық ұйымдастыру мәселелерін карантин кезінде арнайы құрылған танымал мессенджер чатында талқылаймыз, дейді Қандыағаш станциясы Жастар ісі жөніндегі кеңестің төрағасы Дархан Әнуаров.

Жас теміржолшылар бастамасын Әйтеке би, Шалқар, Байғанин станцияларының жастары да қолдады.

Поделиться:
Популярные новости
5 / 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

23 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

25 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер