Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Қостанай облысы теміржолшылары  әріптестері үшін көп рет қолданылатын маскалар тігуде
1154 / 01.04.2020 00:00

Қостанай облысы теміржолшылары әріптестері үшін көп рет қолданылатын маскалар тігуде

Қостанай облысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшелерінің 19 қызметкері және олардың жақын туыстары коронавирус індетінен тыныс алу органдарын қорғау үшін 1000 астам көп рет қолданылатын маскалар тікті.

Вагон тексеруші, жөндеу жөніндегі слесарь, тауарлық есепші және өзгелері тігінші болып мамандығын өзгертті. Игілікті істе олардың отбасы мүшелері: әйелдері мен балалары көмекке келді.

- COVID -19 коронавирус індеті пандемиясы мен медициналық маскалардың жетіспеушілігі кезеңінде біз өз қолымызбен тігуді шештік. Маскаларды әзірлеу үшін қажетті материалдармен: матамен, резинкамен, жіппен қамтамасыз еткен бөлімшенің кәсіподақ комитетінің төрағасы Нұрлан Орынбековке рахмет. Бұл біздің, теміржолшылардың пандемиямен күреске қосқан үлесіміз, біз сырт қала алмадық, - дейді Қостанай ЖТ Железнорудная ӨТБ вагон тексеруші-жөндеушісі Батырбек Атантаев.

Теміржолшылар өз өнімдерін осындай күрделі кезенде еліміз бойынша жұмыс орындарында қалған әріптестеріне таратуда. Олардың әзірлеген маскалары ауру жұқтырудың алдын алуда тамаша кедергі екендігі атап өтілуде. Маскаларды зарарсыздандыруға және де үтіктеуге болады. Жалпы, Қостанай ЖТ бөлімшесінде жұқпалы аурудың алдын алу жөніндегі санитарлық-эпидемияғақарсы шаралар қабылданған. Барлық ғимараттарда дезинфекциялау жүргізіліп, маскалық режим енгізіліп, қолды зарарсыздандыру үшін антисептикалық құралдары бар диспенсерлер орнатылған.

Поделиться:
Популярные новости
13 / 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

25 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

30 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер