Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Темір жолда жүкжөнелтушілермен қолма қол ақшамен есептесуден бас тартылды
869 / 28.02.2020 17:28

Темір жолда жүкжөнелтушілермен қолма қол ақшамен есептесуден бас тартылды

2020 жылдың 1 қаңтарынан «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ экспедиторлық ұйымдардан, жүкқабылдапалушылардан, жүкжөнелтушілерден қосымша төлемдер мен жүктер тасымалдары үшін қолма қол ақшамен есептесуді алып тастады.

Аталған жоба «Цифрлық трансформация» бағдарламасы және әТасымал процесінің тиімділігін арттыруә бастамасы шеңберінде жүзеге асырылуда.

Қолма қол ақшасыз есептесу қолма қол ақша инкассациясы бойынша шығындарды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтық құрамдарды болдырмауға мүмкіндік беріп, қолма қол ақшамен операция жүргізу шығындарын төмендетуді, клиенттермен жедел де икемді тәртіпте есептесуді, қаржы құралдарының қозғалысы ашықтығын қамтамасыз етеді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ пен «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ әріптестікте жүкжөнелтушілердің бірыңғай жеке шоттарына ақша аударымы бойынша онлайн-сервис енгізді. 2015 жылдың қаңтарынан клиенттердің жүктерді тасымалдау бойынша қызмет көрсеткені үшін ақша аударымы «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ заңды тұлғалар үшін «Интернет-банкинг» жүйесі арқылы нақты уақыт режимінде жүзеге асырылады.

Бұдан басқа, «ҚТЖ» ҰК» мен «Fortebank» АҚ автоматтандырылған веб-сервистерін интеграциялағаннан кейін сондай-ақ Бірыңғай есеп шотқа ақшаны онлайн-аудару бойынша сервис көрсетіледі.

Жоба пилоттық режимде өз өзіне қызмет көрсету төлем терминалдары орнатылған Сарыағаш пен Шымкент станцияларында жүзеге асырылды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ автоматтандырылған жүйесінің веб-сервистері мен екінші дәрежелі банктер интеграциясынан кейін Бірыңғай дербес шотқа ақша аудару – онлайн бойынша сервис ашылды.

Қазіргі кезде жүкжөнелтушілер мобильдік банкинг арқылы онлайн-төлемдер жасай алады. Ақпараттық жүйелерді интеграциялау бойынша жұмыстар ары қарай да жалғасады. 

Поделиться:
Популярные новости
166 / 16.04.2024

Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат

2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...

298 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

190 / 12.04.2024

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі 2024 жылдың алғашқы үш айында көршілес Қытай бағыт...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер