Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1403 / 06.02.2020 00:00

«Орал – Алматы-2» қатынасындағы №52 жолаушылар пойызын тоқтату туралы

2020 жылдың 5 ақпанында 21.07 сағатта «Орал – Алматы-2» қатынасындағы №52 жолаушылар пойызы техникалық ақауға байланысты «Қарағанды – Ағадыр» (Қарағанды облысы) учаскесінің «Нілді – Айса» аралығында тоқтап қалды.

Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 182 жолаушы келе жатқан, құрамында 29 вагоны бар жолаушылар құрамын Қарағанды станциясына қайтару туралы шешім қабылданған. «Орал – Алматы-2» қатынасындағы №52 жолаушылар пойызының ары қарай жүруі сонымен тоқтады.

Аталған ақау пойыз қозғалысының қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін еді. Ақау екі вагон аралығынан табылып отыр. Оны «ҚР-дағы Patentes Talgo S.L.» испандық компанияның мердігер ұйымының мамандары жоятын болады.

«Орал – Алматы-2» қатынасындағы №52 жолаушылар пойызының Қарағанды станциясына келуі шамамен 11,30 сағатта.

Қарағанды станциясына келгеннен кейін №52 пойыз жолаушылары «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларынан жол жүру құжаттарының 100% құның өндіріп ала алады. Сондай-ақ Алматыға жол тартқан жолаушыларға «Қостанай-Алматы-1» қатынасындағы № 44 және «Нұр-Сұлтан-Нұрлы-жол-Алматы-2 қатынасындағы жолаушылар пойыздарымен сапарларын жалғастыруды ұсынамыз.

Құрам тоқтап тұрған уақытта жолаушылар пойыздың вагон-мейрамханасында ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Орын алған жағдай барлық қатысты құрылымдардың жіті бақылауында.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеді және түсіністік пен шыдамдылық таңытқан жолаушыларға алғыстарын білдіреді. 

Поделиться:
Популярные новости
33 / 11.09.2026

Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...

485 / 10.08.2026

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру талқыланды

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер