Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
ККЖ АБЖ жүйесімен 2019 жылы 270 мыңнан астам жүк тасымалына тапсырыс қабылданды
863 / 03.02.2020 00:00

ККЖ АБЖ жүйесімен 2019 жылы 270 мыңнан астам жүк тасымалына тапсырыс қабылданды

«Келісім-шарттық және коммерциялық жұмыс» автоматтандырылған басқару жүйесі (ККЖ АБЖ) «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ барлық станцияларында (шамамен 456 станцияда) енгізілді. Жүйеде шамамен 50 мыңдай клиент (жүкжөнелтушілер, жүкқабылдаушылар, экспедиторлық ұйымдар) тіркелген. 7000 астам «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлері іске тартылған.

Бүгінде кленттер тарапынан барлық өтінімдер аталған жүйе арқылы беріледі. 2019 жылы 273 мыңнан астам жүктерді тасымалдау өтінімі қабылданды. ККЖ АБЖ арқылы жүкжөнелтушілер күнтізбелік жоспарлар жүйесінде автоматты құрылған реттеу мен электрондық өтінімдерді рәсімдеумен онкүндік және айлық тиеу жоспарлауын жүзеге асырады.

Өтінім беру жүйесі «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ орталық аппаратымен, АС МЕСПЛАН, портармен (соның ішінде терминалдармен) және «KTZ-Express» АҚ вагон операторымен келісіледі.

Сондай-ақ жүйе арқылы вагондарды басқа бағыттау электрондық өтінімін беруге болады. Осындай формат қайта бағыттау өтінімін беру порцесін 2 күннен 1 сағатқа дейін қысқартты, жоспарлау процесі – республикаішілік жөнелтілім – 11 сағаттан 5 минутқа, экспорттық жөнелтілім – 2 күннен 1 сағатқа, сондай-ақ қайта бағыттауға 2 күннен 1 сағатқа.

ККЖ АБЖ функционал енгізіліп, сол арқылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен айқындалған, формат пен құрылымына сәйкес жүктер туралы алдын ала ақпарат құрылады. Бүгінгі таңда қағазсыз технология бойынша республикаішілік қатынаста ККЖ АБЖ тасымал құжаттары рәсімделеді. Жүкжөнелтушілермен қағазсыз тасымал құжаттарын рәсімдеудің 10 мыңнан астам келісім-шарты жасалған, бұл рәсімделген тасымалдау құжаттары жалпы санының 94% құрайды.

Жобаның басты міндеті – тасымалдау құжаттарын қағаздық рәсімдеуден электрондық форматқа өтуді қамтамасыз ету, бұл республикаішілік қатынастағы тасымал мен қызметке төлеуді жүзеге асыру, ұйымдастыру, жоспарлау кезінде, клиенттер үшін Бірыңғай сандық терезе құрудың негізі болып табылады. Бұл сондай-ақ жүкжөнелтушілерге кеңседен шықпай-ақ, жүк тасымалын алыстан рәсімдеуге мүмкіндік беріп, жүкжөнелтушілердің құжаттарын рәсімдеуін және тасымалдаушылардың уақытын айтарлықтай қысқартады. Жоба адамдық факторлардың, бюрократтық рәсімдердің орын алуын болдырмайды.

Бұдан басқа, 200 астам клиенттермен экспорттық қатынаста қағазсыз технология бойынша тасымалдауға келісім-шарт жасалынды. Аталған технология бойынша экспорттық қатынаста «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «РЖД» ААҚ арасында барлық мемлекетаралық түйіспе пунктарында 6000 астам тасымалдау құжаттары рәсімделді.

Қытай темір жолдары, Әзірбайжан темір жолдары, Қырғыз темір жолдарымен халықаралық теміржол қатынасында жүктерді тасымалдау кезінде Электрондық мәліметтер алмасу туралы келісімге қол қойылды.

Қазіргі кезде Қытай темір жолдарымен, Әзірбайжан темір жолдарымен және Қырғыз темір жолдарымен электрондық жүкқұжаты көлемінде мәліметтер беру орындалуда.

2020 жылы «РЖД» ААҚ станцияларында экспорттық қатынаста қағазсыз технология бойынша рәсімдеу полигондар кеңейтіліп, белгіленген бағыттар бойынша «РЖД» ААҚ станцияларынан импорттық қатынаста тасымал құжаттарын рәсімдеуде қағазсыз технология енгізіледі. 

Поделиться:
Популярные новости
171 / 16.04.2024

Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат

2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...

306 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

221 / 12.04.2024

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі 2024 жылдың алғашқы үш айында көршілес Қытай бағыт...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер