Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
ЖЫЛЖЫМАЛЫ ПАРКТІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ СЕНІМДІЛІГІ – ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ
933 / 24.01.2020 00:00

ЖЫЛЖЫМАЛЫ ПАРКТІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ СЕНІМДІЛІГІ – ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ

2019 жылы локомотивтерді жөндеу бағдарламасы толық орындалды. «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ 1500 астам локомотив тиесілі болса, соның ішінде жаңа сериялары да бар. Оларға қызмет көрсету мен жөндеу, сондай-ақ қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етуді жеке сервистік ұйымдар (жөндеу кәсіпорындары) жүзеге асырады. Өткен жылы әр түрлі сериядағы маневрлік және магистральдық локомотивтерге 8,8 мыңдай техникалық қызмет көрсетілді және жөндеу жүргізілді. Күрделі жөндеуден кейін ВЛ-80 сериялы 54 электровоздың жұмыс істеу мерзімі ұзартылды.

Өткен жылы 84 мың жүк вагоны тіркеуден босатылды және ағымдағы жөндеуге бағытталса, бұл алдынғы жылғы көрсеткіштен 8% жоғары. 2018 жылы вагон пайдалану депосына техникалық қызмет көрсету пункты арқылы 77 мыңнан астам вагон өткізілді.

Вагондардың пойыздардан босатылып алынуына қос дөңгелек, кузов және өзге де жерлерде ақаулардың анықталуы себеп болды. 2019 жылы автотіркегіш құрал ақаулығы бойынша вагон ағыту 25% азайған. Локомотивтер мен вагондардың техникалық жағдайын жақсарту үшін «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлерімен тұрақты негізде орындалған жөндеу сапасы бойынша аудит жүргізіледі.

Локомотивтерге техникалық қызмет көрсету пунктері мен сервистік орталықтарына (ЛТҚП), олардың слесарлық құралдармен, өлшегіш саймандармен және өзге де құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуіне мониторинг жүргізілуде.

Вагон пайдалану депосының қараушы-жөндеушілері вагондар түйіспелері ақауларын жою мен қызмет көрсету бойынша тұрақты негізде оқытылудан өткізіледі.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Бағалау орталығы және теміржол көлігі персоналын дамыту» филиалы базасында Локомотивтерді пайдалану депосы қабылдап алушыларының және ЛТҚП учаске бастықтарының біліктілігін арттыру бағдарламасы арнайы әзірленді.

Локомотив бригадалары жүрер алдында және теміржол станцияларына тоқтаған кезде локомотивтерді қарап шығып, бекітпе жағдайын, жауапты агрегаттарды, тораптар мен бөлшектерді бағамдайды. Сонымен қатар тежегіш құралдары, автотіркегіш құралдары, жылдамдық өлшегіш, автоматты локомотивтік дабыл, қос дөңгелек тексеріледі.

Жылжымалы парктің сенімді техникалық жағдайының жоғары деңгейде болуына пойыздардың жүру кестесінің орындалуы, қозғалыс қауіпсіздігі, теміржол көлігінің тиімді жұмысы байланысты.

Поделиться:
Популярные новости
131 / 16.04.2024

Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат

2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...

177 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

63 / 12.04.2024

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі 2024 жылдың алғашқы үш айында көршілес Қытай бағыт...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер