Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
2019 жылы теміржолшылар 3,6 мыңнан астам алдын алу лекциясы  мен әңгімелесу өткізді
922 / 16.01.2020 00:00

2019 жылы теміржолшылар 3,6 мыңнан астам алдын алу лекциясы мен әңгімелесу өткізді

2019 жылы теміржолшылар темір жолда қауіпсіз жүріп-тұру ережесін мүлтіксіз сақтау қажеттігі туралы лекциялар, алдын алу әңгімелесулерді белсенді жүргізді.

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ жұмысшылары ішкі істер органдары, әскерилендірілген теміржол күзеті мен магистральдық желі қызметкерлерімен бірлесе теміржол желілерінде болу ережелері туралы 3 672 әңгімелесу өткізді, сондай-ақ жаяу жүргіншілер жиі қауіпсіздік ережесін бұзатын орындарға рейдтер жасады. Темір жолдағы ұқыпсыздық – денсаулық пен өмір үшін қауіпті екені қаперге салынды. Лекцияны 58 мыңнан астам азамат тындады.

Өткен жылы мектеп мекемелері мен кәсіпорындарда екі мыңдай кездесулер, қауіпсіздік сабақтары, кеңестер ұйымдастырылды. Теміржолшылар темір жолға жақын орналасқан колледждер мен мектептерге ерекше екпін берді. Тыңдаушыларға арнайы бейнероликтер көрсетілді.

Жол бөлімшелерінде көлік прокуратурасы мен полиция, ҚР ИДМ аумақтық көлік бақылау органдары, БАҚ және өзге де мүдделі ведомстволар өкілдерін шақыра отырып үйлестіру кеңесінің 123 отырысы болып өтті. Сондай кездесулерде темір жолдағы қайғылы жағдайлардың алдын алу жөніндегі шаралар қарастырылады.Теміржолшылар атап өткеніндей, азаматтар жолдарда болу ережесін бұзғанда, пойыз қозғалысының жылдамдығы сағатына 100 шақырым екенін ескере бермейді.

Локомотив бригадасының жедел тежегішті қолдану кезінде басудың алдын алу қиын, өйткені тежеу жолы 800 метрден астам қашықтықты құрайды. Темір жолдағы қауіпсіздік ережесін алкогольдік масаң жүрген азаматтар мен балалар жиі бұзады. Олар пойыз машинисінің берген дабылдарына назар аудармайды, дер кезінде келіп қалған құрамды байқамайды. Жарақат алудың негізгі себептері – темір жолда құлаққаппен музыка тындау, жаяу жүргіншілер орындары мен көпірлерді пайдаланбау, теміржол желісін рұқсат етілмеген жерден кесіп өту, бұл адамның қырағылығын төмендетеді.

Теміржолшылар азаматтарға үндеу тастады: темір жолда қауіпсіздік ережесін сақтаңыздар, ұқыпты және сақ болыңыздар.

Жұмыс үстіміздегі жылы да жалғасын табады.

Поделиться:
Популярные новости
47 / 16.04.2024

Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат

2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...

56 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

123 / 09.04.2024

«Темір жол балалардың көзімен» балалар мен жасөспірімдер суреттерінің онлайн байқауын өткізу тәртібі

1. «Темір жол балалардың көзімен» балалар мен жасөспірімдер талантының онлайн байқауы (бұдан әрі – Байқау) Балаларды қорғау күніне орай ...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер