Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Станция кезекшісінің қырағылығы техникалық ақаудың алдын алуға  мүмкіндік берді
1418 / 15.01.2020 00:00

Станция кезекшісінің қырағылығы техникалық ақаудың алдын алуға мүмкіндік берді

Ағымдағы жылдың 14 қаңтарында «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Алматы-2» бағытына қатынайтын №04 жолаушылар пойызы техникалық ақауға байланысты «Бабатай-Аршалы» аралығында кідірді. Жолаушылар пойызы жүріп бара жатқанда «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ Қарағанды бөлімшесінің Бабатай станциясының кезекшісі Қарлығаш Маусымбаева бөтен дыбысты естиді, сол кезде ол туралы радиобайланыс арқылы пойыз машинисіне хабарлап, пойыз сол мезетте жедел түрде тоқтатылады. Пойызды сыртынан тексеру кезінде вагонның доңғалақ жұптарының бірінен ақау анықталған, бұл құамның қозғалыс қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін еді.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ ақауды жөндеу кезінде вагон-мейрамханада жолаушыларға тегін ыстық тамақ ұйымдастырып, жол жүру құжаттарын (билет) қайтаруларына мүмкіндік жасады. «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Алматы-2» бағытына қатынайтын №04 пойыз Нұр-Сұлтан қаласынан 2020 жылдың 15 қаңтары сағат 03.19-да жөнелтілді.

«Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Алматы-2» бағытына қатынайтын №04/03 пойызы тоқтатылған уақытта ондағы жолаушылардың жалпы саны – 280 болған, оның 62-сі Нұр-Сұлтан-1 станциясында жол жүру құжаттарын кері қайтарған, ал қалған жолаушылар сол пойызбен сапарын жалғастырды.

«Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Алматы-2» бағытына қатынайтын №04 пойызына Қарағанды станциясынан кесте бойынша 105 жолаушы отыруы тиіс болатын. Алайда, №04/03 пойызының кешігуі себебінен 96 жолаушыны Қарағанды арқылы өтетін басқа пойыздарға бөліп отырғызуға тура келді, ал 9 жолаушы жол жүру құжаттарын (билеттерін) қайтаруды жөн көрді.

Тасымалдау ережесіне сәйкес жолаушылар әр кешіккен сағат үшін билет құнының 3% мөлшерінде өтемақы немесе жол жүруден бас тартып, билет құның 100% қайтарып алуларына болады. Ол үшін жолаушы межелі станцияға келген соң кезекшіден пойыздың кешіккендігі туралы белгі алуы керек және жол ақысын алу үшін «Жолаушылар тасымалы» АҚ кассасына жүгінуі тиіс.

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ мен «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтіне отырып, шыдамдылық танытып, түсіністік білдіргендері үшін алғыс білдіреді. 

Поделиться:
Популярные новости
20 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

22 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

1 / 30.05.2026

Көкшетау локомотив депосында жұмысшылардың еңбек және демалыс жағдайлары жақсарды

Көкшетау станциясында локомотивтерге техникалық қызмет көрсету цехын, әкімшілі...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер