Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Конвенциялық тыйым салуды енгізу уақытша шара
984 / 14.01.2020 00:00

Конвенциялық тыйым салуды енгізу уақытша шара

 «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ өтініші бойынша Достастыққа мүше-мемлекеттер Теміржол көлігі жөніндегі кеңесі (ДТКОК) 2020 жылдың 5 қаңтарынан ҚР иесі болып табылатын парктен басқа, өзге теміржол әкімшіліктерінің жалға алған және өз иелігіндегі бос вагондарын қабылдауға конвенциялық тыйым салуды жария етті. Аталған шара мәжбүрлі әрі уақытша.

Бүгінгі таңда Қазақстан темір жолы желісі станциялық жолдарында тиелуге қажетсіз 5200 вагон қозғалыстан шығып қалған. Олар Шу – Мойынты – Карағанды, Нұр-Сұлтан – Көкшетау, Нұр-Сұлтан – Павлодар, Мойынты – Саяқ – Ақтоғай сияқты учаскелердің магистральдық және станциялық жолдарында орын алуда. Аталған учаскелер транзиттік және экспорттық-импорттық жүкағының өткізудегі ең қызулардың қатарынан саналатынын атап кеткен жөн.

Қалыптасқан жағдай «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісіндегі пайдалану жұмыстарын қиындатады, сондай-ақ магистральдық желі бойынша өткізу мүмкіндігін төмендетеді. Ауа райы жағдайына байланысты тасталған пойыздар қардың астында қалу тәуекелі де жоқ емес, ал бұл пойыздарды қауіпсіз өткізуге ықпал етуі мүмкін. Конвкенциялық тыйым салу өзінің нәтижесін бере бастады. Өзге теміржол әкімшіліктеріне тиесілі қажетсіз жылжымалы құрам саны 3 мыңдай вагонға төмендеді. Жағдай жақсарған кезде өзге теміржол әкімшіліктерінің жалға алған және өздеріне тиесілі бос вагондарына конвенциялық тыйым салу алынып тасталады.

Бұл ретте тасымалдаудың бекітілген айлық жоспары мен жүкжөнелтушінің тапсырысы болған жағдайда «бөтен» вагондарды қабылдауға бекітілген тәртіппен рұқсат етіледі.

ДТКОК Ережесі шеңберінде конвенциялық тыйым салулар тиісті теміржол әкімшілігі шешімімен белгіленетінін қаперге саламыз. 10. 01. 2020 жылғы жағдай бойынша ДТКОК Дирекциясы жария еткен 116 әр түрлі конвенциялық тыйым салулар іске асырылуда.

Конвенциялық тыйым салулар – эпизодтық сипаты бар мәжбүрлік шарасы. 

Поделиться:
Популярные новости
145 / 16.04.2024

Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат

2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...

250 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

97 / 12.04.2024

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі 2024 жылдың алғашқы үш айында көршілес Қытай бағыт...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер