Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
2019 жылы контейнерлік пойыздар саны 18%  өсті
1143 / 13.01.2020 00:00

2019 жылы контейнерлік пойыздар саны 18% өсті

2019 жылы Қазақстан аумағы арқылы 5,3 мың контейнерлік пойыздардың жүруі ұйымдастырылса, бұл 2018 жылдың деңгейінен 18 % жоғары. Пойыздар қозғалысының жылдамдығы 1007 км/тәу. Аталған көрсеткіш 11% өсті.

Өткен жылы Қазақстан аумағы арқылы Қытай – Еуропа – Қытай бағыты бойынша қатынайтын контейнерлік пойыздар саны 2018 жылмен салыстырғанда 5% және де 3071 пойызды құрады.

Пойыздар орташа 1034 км/тәу жылдамдықпен қозғалса, бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 15% жоғары. «ҚТЖ» ҰК» АҚ бекіткен, Қытай – Еуропа – Қытай бағытындағы контейнерлік пойыздардың бағыттық жылдамдығын арттыру жөніндегі жоспарды жүзеге асырудың арқасында жылдамдықты арттыру мүмкін болды.

Оның шеңберінде контейнерлік пойыздардың жүру жолындағы тоқтаулардың, локомотивтер, локомотив бригадаларының ауысымы мен техникалық байқауы үшін және өзге де іс-шараларға уақыт қысқартылды. Осындай жоспар 2020 жылға да әзірленетін болады.

2019 жылы Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия, Түркия, Болгария, Сербия, Венгрия және Словакия аумақтары арқылы Прагаға (Чехия) ұзындығы 11,5 мың шақырымдық бағыт бойынша Қытайдан Еуропаға алғашқы контейнерлік пойыз жөнелтілді. Жаңа фидерлік бағыт бойынша Ақтау порты арқылы Әзірбайжан, Грузия, Түркия бағытына 73 контейнерлік пойыз жүрді. 

Поделиться:
Популярные новости
2 / 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

23 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

25 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер