Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Ақмола облысынан  биыл жаңа өнім тиелген  386 тікелей бағыттық пойыз жөнелтілді
1404 / 13.12.2019 00:00

Ақмола облысынан биыл жаңа өнім тиелген 386 тікелей бағыттық пойыз жөнелтілді

 Көкшетау қаласында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов жаңа астық өнімін тасымалдау мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Кеңеске Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіхалықов, вагондар паркінің иелері, ірі астық трейдерлерінің, экспедиторлық компаниялардың және өңірлік ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшылары қатысты.

- Ақмола облысы өтіп бара жатқан үстіміздегі жылда астық тиеу бойынша алдынғы қатардағылардың бірі болды. Астықты жеткізу мен тиеу процестеріне теріс әсер ететін мәселелер жедел шешімін тауып жатты, - деді Қанат Әлмағамбетов.

Ағымдағы жылдың басынан өңірде 5 млн. тонна астық және ұңтақ өнімдері тиелсе, бұл жоспардағыдан 12 % артық. Экспортқа 3,8 млн. тонна жөнелтілсе, бұл жалпы көлемнің 77% құрайды. Негізгі экспорттық бағыттар Орталық Азия, Қытай, Ресей және Еуропа болып табылады.

Биыл өңірден 386 тікелей бағыттық пойыздар жаңа өніммен жөнелтілді. Құрамдар 800-900 км/сағ жылдамдықпен қозғалды. Бағыттық пойыздармен астық тасымалдау жүктерді жеткізу процестерін жылдамдатып, жылжымалы құрамды тиімді пайдалануға ықпал етеді. Астық тасымалын бағдарлауды енгізу теміржолшылар мен жүкжөнелтушілердің бірлескен іс-әрекеттерін талап етеді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ жүкжөнелтушілермен, жүкиелерімен және экспедиторлармен бірлесе жабық вагондар мен астықтасушыларды пайдалануда өзараықпалдасуды жақсарту, сондай-ақ астық пен ұнды тиеуде біркелкілікті және тиеу ырғағын сақтай отырып дер кезінде жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыруда екендігі атап өтілді.

Поделиться:
Популярные новости
7 / 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

23 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

26 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер