Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат д...
Жамбыл ЖТ бөлімшесінің теміржолшысы «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталды.
Тәуелсіздік Күні қарсаңында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ филиалы Жабыл вагон пайдалану депосының аға вагон қараушысы Николай Хомутенкоға «Еңбек Даңқы» Орденің табыс етті.
«Еңбек Даңқы» Орденімен бір кәсіпорында ұзақ жыл жемісті еңбек еткендер, сондай-ақ ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабілеттігін арттыру, еңбек өнімділігі өсіміне ықпал ету, өндірістегі жоғары көрсеткіштері үшін марапатталады.
- Бүгін мен үшін өмірімдегі салтанатты да маңызды күн. Осындай жоғары марапатты еліміз президентінің қолынан алу қуанышты. Бұл мен үшін күтпеген марапат болды. Өз жұмысымды мақтаныш тұтам. Темір жолы – менің тағдырым және менің өмірім. Жамбыл жол бөлімшесінің басшылығына рахмет, - деді ол.
. Николай Хомутенко 62 жаста. Темір жолда Николай Николаевич 40 жылдан астам жұмыс істесе, соның 20 жылдан астамын – аталған қызметте өткізген.
Еңбек жолын вагондарды жөндеу жөніндегі слесарлықтан бастаған. Ол теміржолшылардың үшінші ұрпағы. Әулетті құрушы – паровоз депосында жұмыс істеген оның атасы.
Вагон қараушысы жауапкершілік пен тәжірибені талап ететін өте ауыр жұмыс, өйткені пойыздар қозғалысы кестесін сақтау, жолаушылар қауіпсіздігі, жүктерді алушыларға жеткізу, вагондардың техникалық оңды болуы оған байланысты.
Николай Николаевичтің ауысымында 40 тарта вагон қараушы олар үшін үлгі және тәлімгер.
Николай Николаевич – жақсы отағасы, үш баланың әкесі.
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп...