Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
СЕНІМ СЕРТИФИКАТТАРЫНА 14 ТЕМІРЖОЛ КӘСІПОРЫНЫ ИЕ БОЛДЫ
1347 / 13.12.2019 10:04

СЕНІМ СЕРТИФИКАТТАРЫНА 14 ТЕМІРЖОЛ КӘСІПОРЫНЫ ИЕ БОЛДЫ

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ бөлімшелерінің басшыларына қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы сенім сертификаттарын «Қауіпсіз еңбек – жетістік кепілі» тақырыбында өткен республикалық семинар барысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері – басқарушы директоры Батыр Котырев табыс етті.

Сертификатты алмас бұрын кәсіпорын тексерістен өтеді. Негізгі өлшемдердің бірі – 7, 10 және 15 жылда өндірістік жарақаттың болмауы. Сертификатқа ие болу аталған кәсіпорындарда жоғары еңбек өнімділігі, қауіпсіз еңбек жағдайы қамтамасыз етіліп, қызметкерлердің еңбек құқығы сақталатындығын көрсетеді.

Белгілі бір кезенге дейін кәсіпорын еңбек заңнамасын ұстанатындығы тұрғысындағы жоспарлы тексерістерден босатылады.

1 класты сенім сертификаттары Шу, Саяқ, Қарағанды станцияларының, Қазалы вагон пайдалану депосының және Жаңа-Есіл локомотив пайдалану депосының ұжымдарына табыс етілді.

2 класты сенім сертификаттары Семей, Жосалы, Екібастұз – Северный станциясының, Семей вагон пайдалану депосының және Ақтөбе локомотив пайдалану депосының ұжымдарына табысталды.

3 класты сенім сертификаты Сороковая, Бурабай-Курорты станциясының, Балқаш вагон пайдалану депосының және Түркістан локомотив пайдалану депосының ұжымдарына берілді.

Поделиться:
Популярные новости
9 / 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

23 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

27 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер