Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Теміржолшылар өтпедегі қақтығыстың алдын алды
1312 / 11.12.2019 00:00

Теміржолшылар өтпедегі қақтығыстың алдын алды

10. 43 сағатта күзетілетін теміржол өтпесінде - Қарағанды-Сортировочная – Нұр- Сұлтан учаскесінде машинист Алматы – Петропавл қатынасындағы №15 жолаушылар пойызын тоқтатты. Құрам өтпеден 200 метр қашықтықта жолда жүк автомобилінің тұрғандығынан тоқталған. Өтпе бойынша кезекші Болат Бекбергенов дер кезінде бөгегіш дабылының түймешесін ағытып, орын алған қауіпті машинистке ескертіп үлгерді.

Белгілі болғандай, жүк автомобилі темір жол үстіне шығып кеткен және техникалық ақауға орай кенеттен тұрып қалған. Өтпе бойынша кезекші мен Қарағанды локомотив пайдалану депосының локомотив бригадасы – машинист Вячеслав Козлов пен оның көмекшісі Мейрам Охановтың үйлесімді жұмысының арқасында автомобильмен сақтығысудың алды алынды.

Нәтижесінде пойыздың кешігуі екі сағатқа созылды.

2019 жылы теміржол өтпелерінде 30 жол-көлік оқиғалары тіркелгендігін атай кету қажет.

ЖКО себебі – автокөлік жүргізушілерінің Жол жүру ережесін бұзуынан.

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ жүргізушілерді теміжол өтпелерінен өту ережелерін сақтауға және мұқият болуға шақырады. 

Поделиться:
Популярные новости
7 / 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

23 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

27 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер