Мекен жайы Нұр-Сұлтан қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
Жарасым тапқан жанұя
107 / 11.10.2019 00:00

Жарасым тапқан жанұя

Біздің ұғымымыздағы, қазір мемлекет деңгейінде дәріптеліп жүрген «Мерейлі отбасы» әр салада бар. «Мерейлі отбасыға» анықтама берудің де қажеті шамалы деп ойлаймын. Бұл – көптің түсінігіндегідей, айрандай ұйыған шаңырақ, үлгісі, өнегесі мол үй, тәрбиесі мен тағылымы үйлескен, ұл-қыздары ел мақтауына ілінген ата-ана. Мұндай отбасылар темір жол саласында да жетерлік. Мәселен, Марат Искраұлы Бекежановтың жанұясын алайық...

«ҚТЖ» АҚ» ҰК – «Жүк тасымалы бөлімшесі» Жамбыл филиалында 15 жылдан бері​ қызмет ететін Марат Бекежанов аяулы жары Зүлфия Ерғалиқызымен бірге екі ұл, бір қыз тәрбиелеп өсіріп отыр. Отбасының он алты жастағы тұңғышы Искра Айбек спорттағы жетістігі теміржолшылар шаңырағының мақтанышы болып отыр. Жақында ғана, тамыз айында Айбек Ақтөбе қаласында ересектер арасында өткен Қазақстан Чемпионатында бақ сынап, бір алтын, екі күміс медаль алып келді. «Екі ұлым да кішкентайынан спортқа құмар болды. Оған өзіміз де ықпал еттік. 

Үлкенім жүзу спортын серік етсе, екіншім алғашында бокс үйірмесіне, кейін еркін күреске, содан кейін қайтадан боксқа қатыса бастады. Әр жеңістеріне мәз-мейрам болып, ертеңдеріне зор үмітпен қараймын. Кіші қызымыз бар болғаны үш жаста», – дейді қырықтың қырқасына енді шыққан отағасы Марат Искраұлы.

Искра Айбек Тараз қаласындағы Төле би атындағы №8 мектеп-гимназияснда он бірінші сыныпта оқиды екен. Биылғы наурыз айында Облыс орталығында жастар арасында өткен Қазақстан Чемпионатында бір алтын, бір күміс, бір қола медаль иеленіпті. Ол жеңісі БАҚ бетінде де, интернет көздерінде де жарияланып, отбасының мерейін тасытқан. Содан кейін маусым айында Германияның астанасы Берлин қаласында өткен Әлем кубогында күміс медальді олжалап қайтты.​ ​
Мараттың айтуынша, Айбек қазіргі кезде қараша айында Польшада өтетін жарысқа дайындалу үстінде. Онда 2020 жылы Жапонияның астанасы Токиода өткелі отырған Паралимпиадалық ойындардың лицензиясы сарапқа салынбақ. Келесі жылы әлем елдері болып тамашалайтын төрт жылдықтың бас жарысынан Айбекті көріп қалуымыз ғажап емес. Оның ойынын тек ата-анасы ғана емес, мұқым қазақ тақым қысып тамашалайтын күнді жазсын деп тілейміз.

Айтпақшы, паралимпиадалық ойынға деп отырғанымыз, Айбектің көзінің төмендеу көретіні болмаса, он екі мүшесі сау екенін айта кетейік.

Ал екінші ұлы Бекежан Жанбекке келсек, ол да кішігірім жетістіктерімен отбасын қуантып жүр. Өңір аумағындағы Байзақ ауданында Облыстық біріншілікте додаға түсіп, өз салмақ дәрежесінде Жамбыл облысы Чемпионы атанған. «Өзі ауыр салмақты. Мәселен, сол жарыстың тұсында жасы он үште болғанымен, салмағы жетпіс келіні тартқан. Былтыр да Жаңатас қаласында ұйымдастырылған былғары қолғап шеберлерінің сайысында рингке тоқсан келімен шығып, қарсылас шақ келтірмеді. Ал қазіргі салмағы тоқсан келіден асып жығылады», – деп күледі Марат. Расында, Жанбектің денесі қатарластарына қарағанда ірілеу. Пошымына қарап, қазақтың атын шығаратын бір ұлдың өсіп келе жатқанына сенесіз. Тіл-көзіміз тасқа...​ ​

«Әкем Искра Бекежанұлы Қазақстанға еңбегі сіңген қаржыгер, анамыз Қасымқызы Қамарбану да бас есепші болып ұзақ жылдар бойы қызмет еткен. Жұбайым Облыстық қазынашылық Департаментінде бөлім басшысы қызметін атқарады. Мен болсам теміржолдың Заңгерімін. ​ Айбек болашақта IT технологияны меңгергісі келеді, ал Жанбек заңгер болғысы келеді. Қай мамандықты таңдаса да еріктері, тек жақсы азамат болсын», – дейді жарасым тапқан жанұя басшысы.

Поделиться:
Популярные новости
/ 05.11.2019

«ҚТЖ» ҰК» АҚ ЖЕЛІСІ БОЙЫНША ҚАЗАНДА ЖҮКАЙНАЛЫМЫ 5,4% ӨСТІ

2019 жылдың қазанында «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісі бойынша тиеу 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,9% артты және 23,3 млн. тоннаны құрады. Эксп...

35 / 16.10.2019

Алтынкөл станциясында қытайдан ұзынқұрамды пойыздар қабылдануда

Ұзынқұрамды тәжірибелік жүк пойызы алғаш рет Қорғас станциясынан (ҚХР) Алтынкөл станциясына (ҚР) жөнелтілді. Пойыз 70 шартты вагоннан тұрады. ...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ

Серіктестер