«Еңбектенеміз, жеңеміз, шабыттандырамыз!»
Бүгін "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС жедел штабының отырысы салтанатты сәтпен - құрмет...
2019 жылдың 3-4 қазанында Нұр – Сұлтан қаласында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ локомотивтерінің сенімділік көрсеткіштерін арттыру» конференциясы өтіп, онда сервистік компаниялар мен локомотив шығарушылармен өзараықпалдастық мәселелері талқыланды.
Шараға «ҚТЖ» ҰК» АҚ және оның еншілес ұйымдарының, жеке жөндеу кәсіпорындарының өкілдері қатысты.
Конференцияны Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов сөз сөйлеп ашты. Ол локомотив паркінің жоғары техникалық сенімділігін қамтамасыз етудегі теміржол көлігі жұмысының тиімділігімен, қозғалыс қауіпсіздігімен, пойыздардың жүру кестесін нақты іске асырумен байланысты екендігін атап көрсетті.
Өз кезегінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ қауіпсіздік жөніндегі басқарушы директоры Марат Шакенов 2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша күрделі жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі бағдарлама 95% орындалғандығын жеткізді.
ҚТЖ тиесілі, соның ішінде жаңа сериялары да кірген 1500 астам локомотив бар. Оларға қызмет көрсету мен жөндеуді, сондай-ақ қосалқы бөлшектерді жеткізуді жеке сервистік ұйымдар қамтамасыз етеді.
Тартпалы жылжымалы құрам техникалық жағдайын жақсартуға көп көңіл бөлініп келсе, алайда техниканың бұзылуына жол бермеу мүмкін болмай отыр.
Локомотивтердің істен шығуы жеке жөндеу базалары қызметкерлерінің жеткілікті біліктілігі болмауынан, қажетті қосалқы бөлшектің жоқтығынан, жөндеу технологиялық процесінің бұзылуынан, құрылымның жетілдірілмегендігінен туындайды.
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ мен Alstom и Transportation Global LLC бірлесіп ТЭ33А, ТЭП33А, KZ8A, KZ4Aт и KZ4A,Ас локомотив түрлеріндегі конструктивтік кемшіліктерді жоюда және локомотивтерге сервистік қызмет көрсетуді жақсартуда.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің бас менеджері Ниязбек Жаңабаев ағымдағы жылдың 9 айындағы локомотив кешендері бойынша қозғалыс қауіпсіздігі жағдайына жасалған егжей-тегжейлі талдауын ұсынып, бұл локомотив кешеніндегі пойыздар қозғалысы қауіпсіздігінің жағдайына жөндеу мен сервистік қызмет көрсету сапасының, локомотив бригадаларының іс-әрекеттері маңызды мәнге ие екендігін атады.
Бұл ретте, спикер, локомотив кешеніндегі жіберілген қауіпсіздік бұзушылықтарының негізгі үлесі «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ мердігерлері болып келетін жөндеу және сервистік кәсіпорындарына тиесілі екендігін тілге тиек етті.
ЛТҚП учаскелері басшылары мен локомотив пайдалану деполары қабылдаушыларының біліктілігін жүйелі арттыру үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Теміржол көлігі қызметкерлерін бағалау және дамыту» филиалы базасында біліктілікті арттырудың арнайы бағдармасы әзірленген.
Локомотивтердің техникалық жағдайын жақсарту мен тасымал процесін қамтамасыз ету үшін жеке жөндеу кәсіпорындарына қосымша қосалқы бөлшектерге ие болу, барлық жөндеу мен қызмет көрсету түрлерінің технологияларын мұқият сақтау ұсынылды.
Бүгін "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС жедел штабының отырысы салтанатты сәтпен - құрмет грамоталарын тапсырумен аяқталды. "Бас директор В.Петров темір жо...
"ҚТЖ- Жүк тасымалы" ЖШС өзінің қызметкерлері үшін Октябрь кәсіби біліктілік оқу орталығының Санкт-Петербург-Витебск бөлімшесінде оқыту бағдарлам...
Жұмыс кестесіне сәйкес 2024 жылғы 29 қыркүйекте Мойынты станциясы мен бөлек пункттерді жаңғыртумен жұмыс істеп тұрған және жаңа магистральдың ір...