Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Павлодарлық теміржолшы Вячеслав Гузей Паралимпиада ойындарына дайындалуда
1384 / 27.08.2019 00:00

Павлодарлық теміржолшы Вячеслав Гузей Паралимпиада ойындарына дайындалуда

Павлодар жүк тасымалы бөлімшесінің заңгері, садақ ату бойынша спорт шебері Вячеслав Гузей 2020 жылы өтетін жазғы Паралимпиялық ойындарға қатысуға дайындалуда.

Ол – ерлік пен төзімділіктің үлгісі, үлкен өмірсүйгіштігімен ерекшеленетін және рухымен күшті адам.

Әкесінің және ағасының ізімен Вячеслав теміржол кәсіби техникалық училищені аяқтасымен темір жолға жұмысқа келді. Машинист көмекшісі болып жұмыс атқарды. Алған жарақатынан, тізеден жоғары екі аяғынан да айырылды. Вячеслав ұзақ уақыт оңалтудан өтіп, қайтадан өмір сүруге үйренді. Енді ол мүгедектік – соңғы үкім емес екендігін нақты біледі.

«Сол мезеттерде менің сынбауыма қамқорлық таңытып, маған қолдау көрсеткен отбасым, достарым және әріптестерім көмектесті. Солар үшін менде берілу деген ой да болған жоқ», деп ағынан жарылды Вячеслав Гузей.

Заңгер мамандығы бойынша жоғары білім алған Вячеслав өзінің кәсіпорынына қайтып келді. Қазіргі кезде ол спортпен белсенді айналысып, өз елі үшін марапаттарды жеңіп алуда. Әр елде Қазақстанның атын шығаруды және өз отбасын құруды армандайды. «Паралипиялық спорт біздің елімізде белсенді дамуда. Басында пневматикалық пистолеттен аттым, ал одан кейін садақпен атуға ауыстым. Спорттың бұл түрі – тамаша релакс. 2014 жылы біз пистолеттен ату бойынша Әлемдік кубок үшін жарыс өткізіліп жатқан Англияда болдық. Павлодар облысының командасы жалпы есепте төртінші орынды иеленді», - дейді спортшы.

Вячеслав ең бастысы – өмір сүру екендігіне сенімді. Ештеңеге де қарамай өмір сүру.

Поделиться:
Популярные новости
20 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

22 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

70 / 19.05.2026

11 пайдалану локомотив депосы жаңа техника алды

2026 жылдың басынан бастап ҚТЖ локомотив паркі 72 Жаңа тарту техникасымен толықтыр�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер