Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
АҚМОЛАЛЫҚ ТРЕЙДЕРЛЕРГЕ БЕКІТІЛГЕН КЕСТЕ БОЙЫНША АСТЫҚ ЖӨНЕЛТУ ҰСЫНЫЛДЫ
1420 / 15.08.2019 18:18

АҚМОЛАЛЫҚ ТРЕЙДЕРЛЕРГЕ БЕКІТІЛГЕН КЕСТЕ БОЙЫНША АСТЫҚ ЖӨНЕЛТУ ҰСЫНЫЛДЫ

Ақмола темір жол бөлімшесі клиенттерге экспортқа астық жөнелтудің технологиялық бағыттарын ұсынды.

Аталған технология бойынша жүк пойыздары жолаушы пойыздары сияқты бекітілген кесте бойынша сұрыптау станцияларында қайта өнделмей межелі жеріне дейін барады.

Бұл Сары-Ағаш, Құрық өтпелері пунктерінде құжаттар мен вагондарды өндеу уақытын жеделдетіп, жүкайналымын жақсартуға мүмкіндік береді.

Транскаспий халықаралық көлік бағытындағы сервисті, Ақтау порты арқылы тұрақты фидерлік қатынасты, әр түрлі көлік түрлерін пайдалана отырып мультимодалдық тасымалдарды қамтамасыз етіледі.

«Ақмола жол бөлімшесінде құрамдарды құру, құжаттарды дер кезінде рәсімдеу үшін жедел диспетчерлік шеңбер ашылған. Астық пен оның ұңтақ өнімдерін тиеу, тасымалдау бойынша іс-әрекеттерді үйлестіру және қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі штаб Солтүстік Қазақстан мен Ақмола мемлекеттік өңірлік қызметтерімен бірлесе ұйымдастырылды. Штаб отырыстары күн сайын трейдерлердің қатысуымен өтеді», - дейді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ – «ЖТ Ақмола бөлімшесі» филиалының директоры Ерлан Рақымжанов.

Бұл ретте «Астық тобы» жедел орталығының жұмысы қалпына келтірілді. Оның мақсаты – жылжымалы құрамды ұсынуға бақылау жасау, жүкжөнелтушілерден түсетін тапсырыстарды есепке алуда ашықтықты қамтамасыз ету, астық тасымалы жоспарын орындау, вагондарды жеткізу, оларды тиеу фронттарына ұсыну.

Ақмола жол бөлімшесі астық және ұңтақ өнімдерін экспортқа жөнелту бойынша көшбасшы болып табылады.

Бөлімше шекарасында үш ірі: Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыс орталықтарында станциялар орналасқан. Бүгінгі таңда 123 элеватордың тек 68 ғана жаңа астықты қабылдауға дайын.

Поделиться:
Популярные новости
32 / 11.09.2026

Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...

477 / 10.08.2026

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру талқыланды

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер