Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Машинист мәртебесі
1084 / 02.08.2019 00:00

Машинист мәртебесі

Тура тоқсан жыл тарихы бар Аягөз локомотив пайдалану депосы машинистердің кәсіби ұстаханасы десек, артық емес. Осы даңқты деподан түлеп ұшқан талай теміржолшылар алды бүгінде ұлттық компания төрінде, еліміздің өзге деполарында басшылық қызметте жүр. Дегенмен, аталар жолымен атамекенде еңбек етіп, машинист деген абыройлы атқа кір келтірмей,  үздік қызметімен танылып жүргендер де баршылық.

 Аягөз локомотив пайдалану депосынының тепловоз машинисі Өнербек Қожақымбаев сонау 1980 жылдың желтоқсан айында тепловоз кабинасына еңкейіп кіргені әлі есінде. Бұл – төрт ай тепловоз машинисінің көмекшісін даярлайтын оқу курсына барған кезі. Көп ұзамай-ақ депода дублер болып жұмыс істеп бастады. Міне, содан бергі аралықта оның еңбек кітапшасында тек бір ғана мекеменің атауы жазулы тұр. Ол, әрине, Аягөз локомотив депосы. Қазіргі күні Ақтоғай-Аягөз, Аягөз-Шар телімдері бойында тепловоз тартымы қызметін атқарып отырған депоның маңдайалды мақтаулы машинистерінің бірі.  

– Өндірістік тәжірибенің берері сол, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауда қырағылық қалыптасады. Өнербек Советұлы – күрделі өндірістік мәселелерде ұтымды шешім қабылдауға аса қабілетті маман, – дейді депо басшылығы ол туралы.

Технологиялық және еңбек тәртіптерін қатаң сақтайтындықтан барлық тапсырмаларды дер кезінде әрі сапалы орындайтын машинист жас мамандарға тәлімгер болып бекітілген. Бүгінгі күнге дейін 2 тепловоз машинисі мен 4 машинист көмекшісін ерінбей-жалықпай үйретіп шығарыпты.

Өнербек Советұлының кәсіптік машығы сан түрлі. Мәселен, ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап жарты жыл ішінде 3211 кг тепловоз жанармайын үнемдепті. Оған да шеберлік керек әрине. Бөлімше бойынша бұл рекордты жаңалаған ешкім жоқ. Осы мәселені ескерген Семей ЖТ бөлімшесінің басшылығы озат машинистің тәжірибесін оның өзге әріптестеріне, әсіресе жастар қауымына үлгі етуде.

Бір бұл емес, бүгінгі күні жолаушылар және жүк тасымалы жоспарын орындауда да жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп отыр. Бұл – жылдағы дағдысы. Мәселен, оның техникалық жылдамдықтың орындау көрсеткіші, учаскелік жылдамдық, сондай-ақ, оның жетекшілігіндегі локомотив бригадасының тасымалдау жұмысының көлемі әрдайым 100-120-дан жоғары пайызды құрайды.

Тепловоз машинистері үшін жүктелер тағы бір үлкен жауаптылық – темір тұлпардың  техникалық пайдалану ережелерін мүлтіксіз орындау, өзіне бекітіліп берілген көліктің ақаусыз, қалыпты жұмыс істеуін қадағалау. Бұл ретте Аягөз локомотив пайдалану депосында дәл Өнербек Советұлы тәрізді маман жоқтың қасы дейді әрептестері. Өзі жүргізетін темір тұлпардың «құйрық-жалын» сүзіп, жолға шығар алдында «жүйрікті бәйгеге жаратқандай» өзі баптайды екен. Тіпті, техникалық жөндеу ісінің де кәнігі шеберіне айналған. Оған мысал жетерлік. Май құбыры жарылған тепловоз ақауын дер кезінде байқап, жедел қалпына келтіріп, үлкен келеңсіздіктің алдын алғаны бар. Сол тәрізді желі үстіндегі ірі қара үйірін қағып кетудің де сан мәрте алдын алды. Ондай шұғыл тежелу сәттерінде тепловоз дөңгелегінің рельске түсер үйкеліс күшін азайту үшін мейлінше шеберлік танытады.

Әрдайым өзгелерден оқ бойы озық жүру оның өмірлік ұстанымы сияқты. Ештеңені жоспарлап алға ұмтылмаса да солай шығады. Ал Өнербек Советұлының бар жұмысы көзбояушылыққа жаны қас, адал еңбек ету, «өзімнің жұмыс орным – тепловоз кабинасында өткізген әр сағатым қымбат» дейді.

Аталған жетістіктері мен жұмысқа деген белсенділігі үшін Көлік қызметкерлері күніне орай «Құрметті теміржолшы» төсбелгісімен белгіленді.

Республиканская отраслевая газета «Қазақстан теміржолшысы»

Поделиться:
Популярные новости
23 / 19.03.2024

ҚТЖ локомотивтері дизельдік отын шығынын 3,3%-ға қысқартты

2023 жылы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС дизельдік отынның үлестік шығынын 2022 жылмен салыстырғанда 3,3%-ға азайтып, 1169 тонна дизельдік оты...

352 / 12.03.2024

ҚТЖ жүк тасымалдау тиімділігін арттыру бойынша Бағдарлама әзірледі

Алматыда жол басқармалары филиалдарының, өңірлік тасымалдауды басқару орталықтарының басшылары, Алматы торабындағы станциялар қызметкерлерінің, ...

53 / 07.03.2024

Құрметті ханымдар!

Сіздерді келе жатқан 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз! Біздің компаниямыздың  кәсіби біліктілігі мен жауапкершіл...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер