Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Азамат – оның  екінші аты
990 / 02.08.2019 00:00

Азамат – оның екінші аты

Ежелден теміржолшылар мекені болған Арыс қаласында осы саланың «отымен кіріп, күлімен шыққан» азаматтар баршылық. Олардың қатарында станция бастығының орынбасары Эдуард Дербісов те бар. Жуырда Арыста болған жарылыс кезіндегі оның жанқияр еңбегіне куә болғандар «Әй азаматым, бәрекелді!», «Нағыз азамат екен!» десіп, оның екінші есімін қойып берді.  

24 маусым күні Арыс қаласында әскери бөлімде болған жарылысты жұртшылық ұмыта қойған жоқ. Апаттың салдары жергілікті тұрғындарды есеңгіретіп қана қоймай, қаншама материалдық шығынға батырды. Оның ішінде Арыс станциясы, басқа да теміржолға қарасты мекемелер зардап шекті. Десе де, қазіргі таңда екі станцияның да ғимараттары,  қираған есік-терезелері бүтінделіп, ал теміржолшылардың үй-жайлары жергілікті әкімдік тарапынан жөнделіп жатыр.  

Сол  дүрбелең орын алғанда мемлекеттік маңызы бар стратегиялық нысанды қараусыз қалдырып кетпей, теміржолшылардың басын қосып, ең алдымен адамдардың, жылжымалы құрамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, теміржол инфрақұрылымына  қандай да бір аппаттың нұқсан келтірмеуі үшін жанталаса күресіп, жанар-жағармайы бар цистерналарды станция басынан аулақ алып кетіп, пойыздарды Арысқа жетпей тоқтатып, қолдағы бар мүмкіндікті жасаған сол кезде станция бастығы міндетін атқарған Эдуард Дербісов бастаған жергілікті теміржолшылар болатын.  

Оқиға болған күні жарылыстан қорқып қашқан халықты станция жертөлесіне паналатуға бұйрық берген ол апаттан станция жұмысшыларының ғана емес, қала тұрғындарының да қауіпсіз аймаққа көшірілуіне атсалысты. Өзі қасындағы санаулы әріптестерімен станцияда қалып, төтенше жағдайдың зардаптарын жоюға кірісті. Кейін жарылыс тоқтап, қала тазаланып, қауіпсіз деп жарияланған соң тұрғындардың қайта көшіп келуіне де Дербісов бастаған теміржолшылар белсене атсалысты. 

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, теміржолшылардың кәсіби мерекесінде бұл туралы айтпай кету әділетсіздік болар еді. Эдуард Дербісов теміржол саласындағы еңбек жолын 1980 жылы Арыс локомотив депосы машинисінің көмекшісі болудан бастаған. 1998 жылдан қазірге дейін Арыс станциясы басшысының орынбасары болып қызмет етіп келеді. Эдуард Әнуарұлы өзінің теміржолшы екенін әрдайым мақтан тұтады. Оның еңбексүйгіштігі, жұмысына деген тиянақтылығы, жылдам да батыл шешім қабылдайтыны  жұмыс барысында талай көмегін тигізгенін әріптестері айтып отырады.  

Осындай қасиеттері оны әріптестер мен ұжым арасында зор беделге ие қылды. Сын сағаттарда жедел шешім қабылдап, қауіптің алдын алуды тек сөз жүзінде емес, Арыстағы апат кезінде де нақты әрекеттерімен көрсете білгені нағыз ерлік деп бағаланды. «Оқыдым, білдім, толдым» демей, үнемі білімі мен білігін жетілдіріп отыратын станция басшысының орынбасары өзінің табандылығы мен адал еңбегінің арқасында талай марапатқа ие болып та келеді. Станция қатарынан екі жыл «Салалық жарыстың жеңімпазы» атанды. Бұған, әрине, Дербісовтің қосқан үлесі қомақты екені даусыз. 2016 жылы «Үздік маман» төсбелгісімен марапатталған ол 2018 жылы «Адал еңбегі үшін», ал 2019 жылы «Құрметті теміржолшы» төсбелгілерін өңіріне тақты.  

Республиканская отраслевая газета «Қазақстан теміржолшысы»

Поделиться:
Популярные новости
10 / 12.03.2024

ҚТЖ жүк тасымалдау тиімділігін арттыру бойынша Бағдарлама әзірледі

Алматыда жол басқармалары филиалдарының, өңірлік тасымалдауды басқару орталықтарының басшылары, Алматы торабындағы станциялар қызметкерлерінің, ...

420 / 06.03.2024

«Қазақстандық салалық темір жол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» – «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ҚБ филиалының қызметі

«Қазақстандық салалық темір жол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» – «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ...

89 / 05.03.2024

Астана қаласы, 5 наурыз 2024 жыл.

Бүгін Астанада Достастыққа мүше мемлекеттердің Теміржол көлігі жөніндегі кеңесінің Вагон шаруашылығы комиссиясының 77-ші отырысы баста...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер