Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Астық тасымалы: вагон паркі жеткілікті
1240 / 17.07.2019 00:00

Астық тасымалы: вагон паркі жеткілікті

Шымкент қаласында астық пен ұн тасымалына қатысты​ жиын болып өтті. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бастамасымен өткен кеңеске Түркістан облысындағы астық өндіруші, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, көлік компанияларының басшылары қатысты.
Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы өкілінің​ төрағалығымен өткен жиында негізінен Шымкент ЖТ бөлімшесінің​ клиенттері болып табылатын кәсіпкерлер мүддесі ортаға салынып, биылғы жаңа егін науқанына байланысты ұн және астықты теміржол көлігімен тасымалдауды дер кезінде қамтамасыз ету мәселесі​ талқыланды.


Бәрімізге белгілі, Қазақстанның астық өнімдерінің қатты түрлеріне Еуропа мен Азия нарығында сұраныс көп. Осыған орай, ҚТЖ өкілдері оңтүстіктегі кәсіпкерлермен кездесіп, биыл егін науқаны кезінде тасымалдауда қай бір жылдардағыдай вагон жетіспеушілігі сынды мәселелер туындамас үшін алдын ала кеңесу үшін бас қосты.


«ҚТЖ биыл астық және ұн тасымалдау жоспарын ертерек бекітіп, осы жоспар аясында Солтүстік Қазақстан облысы, Қостанай, Көкшетау қалаларында алқалы жиын​ өткізіп, енді сіздердің алдарыңызға келіп отырмыз. Астық тасымалдау шаралары бойынша кәсіпкерлермен, мемлекеттік ұйымдармен, көршілес мемлекеттермен сөйлесіп,​ вагондармен жеткілікті қамтамасыз ету жайын шештік.​Тасымалдау бойынша статистикаға келер болсақ, елімізде 2018-2019 жылдары рекордтық көрсеткіш орын алып,​ 11 млн 200 мың тонна астық тиелді. Оның 8​ 265 тонна немесе 75 пайызын экспорт тасымалы құрайды. Экспортқа шығарылатын астықты негізгі тұтынушы елдер – ​ Орта Азия, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан т.б. Астық тасымалы​Ауғанстан мен Өзбектанға төмендегенін де айта кеткен жөн», - деді жиында сөз алған «ҚТЖ» ҰК» АҚ Тасымалдарды жоспарлау жөніндегі атқарушы директоры Нұржан Келбұғанов.
Ауыл шаруашылығы министрлігі айтқандай, биылғы​ астық былтырғы жылдан кем болмайды. Сол себепті, астық пен ұн тасымалы бойынша екінші жартыжылдықта 4.5млн тонна астық тиеледі деп күтіледі, сонымен ай сайн 450 мың тонна ұн арту күтіліп отыр. Тасымалды​ 1 млн 100 тоннаға жеткізу үшін 8 500 вагон жеткілікті көрінеді.
«Айта кеткім келіп отыр, бізде вагон паркі жеткілікті, ұн тасымалдауға арналған 13 мың жабық вагон бар. Оның ішінде 8000 ҚТЖ-да, қалған 4900 - жекеменшіктегі вагондар. Астық таситын қорда 9060 бірлік вагон бар, өзге жекеменшік компаниялар 2500 вагон ұсынғалы отыр. Яғни, биыл вагондар паркі екі есеге ұлғайды. 
Сондай-ақ, оңтүстік өңір кәсіпкерлеріне тасымалдауға қатысты қандай да бір мәселе туындаса да ҚТЖ сайтындағы жұмыс тобына хабарласу ескертілді.​Қысқасы, теміржолдың астық тасымалдауға дайын екені баса айтылып, кәсіпкерлердің астық тиеуді өз уақытында жүзеге асырулары өтініш етілді.​ ​
Осы орайда, астық тасымалы бойынша вагон жөнелтуде кептеліс тудырмайтын арнайы бағыттардың кестесі де жасақталғанын айта кеткен жөн. Пойыз жылдамдығы тәулігіне 800-850 км тасымалдауды қамтуы қажет. ҚТЖ өкілдері вагондардың айына кем дегенде екі рет астық тасымалдауы керектігін құлаққағыс етті. Өткен жылы Өзбекстан тарапымен жүк өткізу барысында кептеліс туындаған. Биыл Өзбекстан мен Сарыағаш, Келес арқылы қозғалыс 23 пойыздан 28 пойызға дейін артып, қосымша 8 маневр локомотиві бөлінетіні де мәлім болды.

Поделиться:
Популярные новости
118 / 16.04.2024

Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат

2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...

130 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

26 / 12.04.2024

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі 2024 жылдың алғашқы үш айында көршілес Қытай бағыт...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер