Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
2019 ЖЫЛДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДА «ҚТЖ» ҰК» АҚ ЖЕЛІСІНДЕ 120 МЛН. ТОННАДАН АСТАМ ЖҮК ТИЕЛДІ
1336 / 12.07.2019 00:00

2019 ЖЫЛДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДА «ҚТЖ» ҰК» АҚ ЖЕЛІСІНДЕ 120 МЛН. ТОННАДАН АСТАМ ЖҮК ТИЕЛДІ

2019 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ желісіндегі жүкайналымы 107,6 млрд. тонна-километрді құрады. Жүзеге асқан жүкайналымы бойынша жоспар 102,4%.

Қаңтар-маусымдағы тиелім 120 млн. тонна болса, соның ішінде тас көмір – 48 млн. тонна, астық – 5,4 млн. тонна, түрлі түсті руда – 9,7 млн. тонна, құрылыс жүктері – 8,8 млн. тонна және темір рудасы – 12,8 млн. тонна.

ҚР аумағы бойынша транзиттік тасымал көлемі 7 млн. тонна. Контейнермен жүктерді тасымалдау 291 мың ЖФБ (жиырма футтық балама) болса, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңінде қол жеткізген нәтижеден жоғары.

Контейнерлік транзиттің негізгі бағыты Қытай – Еуропа – Қытай болып қалып отыр. Бұл бағдар бойынша 146 мыңнан астам ЖФБ тасымалданса, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңі көрсеткішінен 129% асты. Қазақстан аумағы арқылы транзитті контейнерлік тасымал өзге де бағыттар бойынша артты. Атап айтқанда, Транскаспилік халықаралық көлік бағдары (ТХКБ) бойынша 2 мыңнан астам ЖФБ контейнер жеткізілсе, бұл өткен жыл көрсеткішінен 158% көп. Қытай – Иран – Қытай дәлізі бойынша 1,6 мың ЖФБ контейнер жөнелтілсе, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 350% артқан.

Поделиться:
Популярные новости
13 / 11.09.2026

Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...

451 / 10.08.2026

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру талқыланды

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер