ПРЕСС-РЕЛИЗ
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де Қазақстан Респу...
Ағымдағы жылдың 26 маусымында теміржолдар оқ-дәріден тазартылып, жөнделіп, байланыс желісіне кернеу берілген соң мына учаскелерде: Арыс-Талдықұдық – жұп жол бойынша, Шағыр-Талдықұдық – тақ жол бойынша, Қалаш-Арыс-2 – жұп және тақ жол бойынша, Ақдала-Арыс-2 – жұп жол бойынша қозғалыс ашылды.
Алғашқы №369 «Новосибирск-Ташкент» жолаушылар пойызы 26 маусымда Шымкент станциясынан 22 сағат 30 минутта жөнелтілді.
Арыс станциясы тек басты жолдармен жүру үшін ашық. Сұрыптау және қабылдап-жөнелту жолдары қозғалыс үшін әлі жабық.
26 маусымнан 27 маусымға қараған түні Арыс станциясы бойынша 23 пойыз өткізілді, оның ішінде 7 жолаушы, 8 контейнерлік, 8 жүк пойызы.
Қазіргі уақытта кестеге пойыздарды енгізу бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда.
Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...
2026 жылғы 4 маусым Астана қ. ҚТЖ ТЭ33А тепловоздар паркінің 92%-дан астамын Trip Optimizer ж�...