ТЕМІРЖОЛШЫЛАР БІЛІКТІЛІКТЕРІН АРТТЫРДЫ

ТЕМІРЖОЛШЫЛАР БІЛІКТІЛІКТЕРІН АРТТЫРДЫ

Алматы темір жол бөлімшесінде «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ мамандары «Шекаралық станцияларда жүкті ауыстырып тиеу бағытындағы жүк тасымалын ұйымдастыру» тақырыбында оқытылды.

Сабақтарды Темір жол ынтымақтастығы ұйымдары (ТЖЫҰ) бастамасымен жүк тасымалы саласында кәсіби оқыту бағдарламасын жетілдіру бойынша сынақтық жоба шеңберінде «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ және «ҚТЖ»ҰК» АҚ – «Темір жол көлігі персоналын дамыту және бағалау орталығы» филиалы ұйымдастырды.

Теміржолшылар, көліктік-экспедиторлық ұйымдар жұмысшылары кәсіби қызметте қажет болатын білім мен біліктерін арттырды. Олар халықаралық тасымалды ұйымдастыруға, Қазақстан мен Қытай темір жолдары қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге қатысты көліктік құқық және тариф саясатындағы өзгерістерді оқып, үйренді.

Сабақтарда сонымен қатар Достық және Алтынкөл мемлекетаралық түйісу қосындары арқылы экспорттық, импорттық және транзиттік тасымалды жоспарлау туралы сөз болды.

Мамандар алған білімдерін импорттық және экспорттық мақсаттағы жүк түсіру тиеу, жұмыстары жүргізілетін Алтынкөл станциясында тәжірибемен ұштастырды.

Семинар қатысушылары станцияның жұмыс технологиясымен, басқарудың автоматтандырылған жүйесімен, 1520 мм табанды вагоннан 1435 мм табанды вагонға жүк ауыстыру тиеу процесімен, кедендік, шекаралық, фитосанитарлық және басқа да қызметтермен өзара іс-қимыл тәртібімен танысты.

«Оқу барысында құрылымды сұхбат өрбіп, пікір алмасулар болды және ұсыныстар айтылды. Алған теориялық біліммен қатар біз шекаралық станциялардың технологиялық процесін көрдік. Алтынкөл жүк ағынын арттыруға толықтай дайын. Алған біліміміз біздің күнделікті жұмысымызда аса қажет болады», - деп атап өтті Алматы-1 станциясының аға тауар кассирі Күнсінай Байтүлекова.

Оқу аяқталғасын мамандарға сертификаттар табысталды.