5 қарашада Алтынкөл халықаралық шекара өткелінде Темір жол ынтымақтастығы ұйымының (ТЖЫҰ) жүк экспорты жөніндегі жылдық жоспары мерзімінен бұрын орындалды
Ауыстырып тиеу көлемі 6,7 млн тоннадан асты, бұл жылдық көрсеткіштің 100% -на ...
Жаз маусымының басталуымен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ филиалдарындағы 1336,5 бірлік локомотив жазғы жұмыс кестесіне көшті. Оның ішінде 855,5 тепловоз да, 481 – электровоз көлігі.
Еске сала кетсек, биылғы мамыр айының соңында көктемгі комиссиялық байқау аяқталып, осы шара барысында локомотивтердің жаз маусымында мүлтіксіз қызмет етуге дайындығы тексерілген-ді. Тексеру нәтижесіне сүйенсек, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ бойынша орташа баға 4,31 балды құрап отыр. Соның ішінде, электровоздар балы – 4,23, ал тепловоздардікі 4,36 балды құрапты. Локомотив шаруашылығы мамандары ұсынған дерекке сүйенсек, 456 локомотивтің техникалық жағдайы «өте жақсы» деп бағаланса, 710 бірлігі «жақсы», ал 38-і «қанағаттанарлық» деңгейін көрсеткен.
Мамандар көктемгі комиссиялық байқауды жүргізу барысында локомотивтерді сырлау үшін лактау-сырлау бұйымдарын жеткілікті деңгейде сатып алу бойынша мәселе туындағанын айтады. Қазір бұл мәселе шешімін тапқан, сырлауды қажет етіп отырған локомотивтер күзге дейін сырланып болмақ.
Жалпы алғанда жазғы тасымал жағдайында жұмыс істеуге локомотив паркінің техникалық, мәдени, эстетикалық және санитарлық жағдайын, сондай-ақ, орташа балын есепке ала отырып, дайындығын қанағаттанарлық деуге болады. Десек те, жаз маусымында локомотивтердің қалтқысыз қызмет етуіне алдын ала тексеру жүргізетін маусымдық комиссиялық байқау локомотившілердің еңбегін, дайындығын, жауапкершілігін сараптайтын емтихан іспеттес. Сондықтан емтиханнан қамшы салдырмай сүрінбей өтетін үздіктердің болатыны сияқты, көктемгі комиссиялық байқау талаптарының үдесінен техникалары табылған локомотив пайдалану деполары да болды. Атап айтсақ, бірінші топ бойынша Защита локомотив пайдалану депосы топ жарса, екінші және үшінді орынды Сыр өңірінің локомотившілері, яғни Сексеуіл және Қызылорда локомотив пайдалану деполары өзара бөлісті. Екінші топ бойынша алдыңғы орынды қарағандылық депоның ұжымы қанжығасына байласа, екінші орын мінберінен Арыс ТЧЭ көрініп, үшінші орынды Астана локомотив пайдалану депосы иеленді. Ал байқау қорытындысының үшінші тобында бірінші орын Аягөз локомотив пайдалану депосының ұжымына бұйырып, екінші және үшінші орынды Атырау және Түркістан локомотившілері жеңіп алды.
Ауыстырып тиеу көлемі 6,7 млн тоннадан асты, бұл жылдық көрсеткіштің 100% -на сәйкес келеді. Нәтижеге мерзімінен бұрын қол жеткізу экспорттық ...
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының шекаралық өткелдерінің жұмыс тиімділігін арттыру, сондай-ақ көрші аумақтарда жүктерді үзд...
Шымкент қаласында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің пайдалану локомотив деполары үшін өндіріс жөніндегі басшының орынбасарлары мен өндіріст...