Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Көмір қамданысы қарқын алды
1116 / 10.06.2019 14:25

Көмір қамданысы қарқын алды

«Қыс шанасын жаз сайла» демекші, жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы жазда қолға алуды дәстүрге айналдырған. Мәселен, Семей қаласында көмір тасымалы үстіміздегі жылдың 1 шілдесінен басталмақ.

Бұл туралы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ, қала әкімдігі және өңірдегі негізгі жүк жөнелтуші компания – «Қаражыра» АҚ өкілдері қатысып, көмірдің үздіксіз жеткізілімін қамтамасыз ету мәселесі талқыланған жиында мәлім болды. Жиын қорытындысы бойынша әкімдік пен жеке меншік компания арасында меморандумға қол қойылды. Тараптар Семей қаласын толық көлемде, соның ішінде жылу электр орталығын көмірдің нормативтік қорымен қамтамасыз етуге келісті. Сатып алулар ағымдағы жылдың 15 маусымы мен 15 қыркүйегі аралығында жүзеге аспақ. Бұл жерде Семей жүк тасымалы бөлімшесі тапсырыс беруші әкімдікке жүк жөнелтуші компанияның көмірін тасымалдаумен айналысатын болады. Тасымалдау үдерісіне қатысушылардың бірлесе жұмыс істеп, күш біріктіруінің арқасында туындаған барлық мәселе шұғыл шешімін тауып жатқанын айтады теміржол саласы мамандары. Жыл сайын өңірде қала әкімі орынбасарының төрағалығымен алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын жүргізетін штаб құрылып, тұрғын үй-коммунальдық шаруашылық және әлеуметтік саланың барлық нысандарын дайындау бойынша Іс-әрекеттер жоспары бекітіледі екен.

«Семейлік теміржолшылар үшін абыройлы міндеттердің бірі – көмір тасымалы. Ел көлемін қатты отынмен қамтуда бірінші кезектегі жауапкершілік жергілікті сала мамандарына жүктеледі. Сондықтан да, Семей ЖТ бөлімшесі бойынша көмір тиеу мен жөнелтудің өзіндік жоспары жасалынып, жыл бойы жүзеге асырылады. Бұл ретте теміржолшылар қауымы өткен жылды мейлінше табысты қорытындылап, ағымдағы жылға тың міндеттемелер қойып отыр.Биыл Семей жылу электр орталығына «Қаражыра» АҚ-ның 450 мың тонна көмірін жеткізу жоспарланып отыр. Былтыр тас көмір көлемі 415 мың тоннаны құраған еді. Жалпы биыл тасымалданатын көмір көлемі өткен жылға қарағанда 2% артық болады деп күтілуде. Сондықтан Семей жүк тасымалы бөлімшесінде көмір тасымалы ерекше назарда. Және де жылжымалы құрамды жүк тиеуге уақытылы әрі тұрақты жеткізіп тұру бақылауға алынған», – дейді Семей ЖТ бөлімшесі директоры Марлен Көкірекбаев.

Ал қала әкімдігі тұрғындар мен бизнес саласындағы компанияларға алдағы жылу маусымына қатты отынды қазірден бастап сатып алуға кеңес беріп отыр. Себебі көмір тиеуде және түсіруде вагондардың ұзақ тұрып қалуына жол бермеу керек. Сондықтан көмір сақтау алаңдарын ұлғайтып, көмірдің жаппай түсіріліміне техникалар мен механизмдерді қазірден дайындағаны абзал.

Семей темір жолы бойынша көмір тиелімін өңірде тек «Қаражыра» акционерлік қоғамы жүзеге асыруда. Өткен жылдың жұмыс қорытындысына сүйенсек, былтыр жүк жөнелтуші кәсіпорын аумағынан 7,6 миллион тоннадан астам көмір тиеліпті. Бұл көрсеткіш алдыңғы жыл деңгейінен 840 мың тоннаға артық шығыпты. Ал биыл қалада жаңа аудандардың қосылып, соған орай жылу электр орталықтарының бой көтеруіне байланысты көмір көлемі көбейіп отыр.

Атап өтерлік жайт, теміржолшылар, облыс әкімдігі, көмір жөнелтуші кәсіпорын мен жүк қабылдап алушылардың бір жеңнен қол шығара жұмыс істеуінің арқасында дер кезінде көмір қорын жасауға мүмкін болған. Оның үстіне, көмір тиелімінің негізгі көлемін күз-қыс маусымынан жаздың жайма шуақ айларына ауыстырудың да оң ықпал еткені байқалып отыр. Нақты дерекке сүйенсек, 2018-2019 жылдардың жылу беру маусымында, яғни 2018 жылдың мамырынан 2019 жылдың сәуірі аралығында еліміздің жылумен жабдықтаушы кәсіпорындарына 2,7 млн тонна көмір тиелген. Ол өткен жылдың деңгейінен 5,3%-ке жоғары болып отыр. Ал Қазақстанның тұтынушыларына өткен жылдың жылу беру маусымында 3,5 миллион тонна коммунальдық-тұрмыстық көмір артылған. Жалпы биылғы маусымда «Қаражыра» разрезінде 9 млн тонна – рекордтық көмір шамасын өндіру межеленіп отыр. Көмір еліміздің барлық облыстарына таратылып, жеткізіледі. Соның ішінде жүк тиелімінің негізгі бөлігі қысы қатты болатын Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарына жөнелтіледі екен. Десек те, қаражыралық қатты отынға сұраныс оңтүстік өңірдегі Алматы және Түркістан облыстарынан да бар екен.  

Поделиться:
Популярные новости
45 / 16.04.2024

Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат

2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...

53 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

109 / 09.04.2024

«Темір жол балалардың көзімен» балалар мен жасөспірімдер суреттерінің онлайн байқауын өткізу тәртібі

1. «Темір жол балалардың көзімен» балалар мен жасөспірімдер талантының онлайн байқауы (бұдан әрі – Байқау) Балаларды қорғау күніне орай ...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер