Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
2019 жылдың басынан пойыз машинистері 600 астам төтенше жағдайда тежегішті іске қосқан
1331 / 17.04.2019 00:00

2019 жылдың басынан пойыз машинистері 600 астам төтенше жағдайда тежегішті іске қосқан

Ағымдағы жылдың 16 сәуірінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ темір жол көлігі қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңейтілген отырысы болып өтті.

Шараға мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты.

Отырыс барысында 2018-2019 жылдардағы кіреберіс жолдардағы жылжымалы құрамдардың жолдан шығып кетуі мен ұрлықтарды, ЖКО, Адамдарды және малдарды басу жағдайлары саның азайту жөніндегі жол картасы іс-шараларының атқарылуын талқылады.

2019 жылдың бірінші тоқсанында тыйым салу дабылдарының болуына қарамастан, автомашиналардың, бөтен адамдардың теміржол өтпелеріне шығып кетуіне орай локомотив бригадаларымен 600 астам төтенше жағдайда тежегіш іске қосылған.

Темір жолдағы жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін азаматтар денсаулығы мен өмірін қорғау бойынша алдын алудың кешенді іс-шаралары жүзеге асырылуда.

Тұрақты негізде теміржол көлігі нысандарында қайғылы жағдайлардың алдын алу бойынша локомотив бригадаларымен алдын алу іс-шаралары жүргізілуде.

Теміржол прокуратурасы мен «Әскерилендірілген теміржол күзеті» АҚ қызметкерлерімен бірлесе 80 астам рейдтер өткізіліп, шамамен 20 мың адамды қамтитын теміржол желілерінде болуы ережесі және қауіптілігі туралы түсіндіру жұмыстары өткізілді. Теміржолда болудың ережесі туралы кәсіпорындар мен оқу ғимараттарында бейнероликтер көрсетілді және отырыстар өткізілді – 700 астам әңгімелесулер ұйымдастырылды.

Алайда бірлескен күш-жігер әрқашанда өз нәтижесін бере бермейді.

Теміржол өтпесі мен қауіптілігі жоғары аймақтарда бөтен тұлғалар жүруінің алдын алу жұмыстарының жүргізіліп жатқанына қарамастан, 10 адамды басуға жол берілген. Жапа шеккендерді жарақаттаудың негізгі себептері теміржолдың белгіленбеген орындарынан қиып өту және теміржол көлігі нысандарында алкогольдік масаң жағдайында болуы.

Теміржолшылардың айрықша назарындағы мәселе, қараусыз қалған үй жануарларын жылжымалы құрамдардың басып кетіп жатуы. Ағымдағы жылдың үш айында ғана осындай 56 жағдай орын алды.

Отырыс қатысушылары темір жол жолағы бойында мал бағу, теміржол желісі бойымен белгіленбеген орындарды қиып өту, жол-көліктік оқиғалар, қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуы жағдайларына жол берген тұлғаларға әкімшілік-қылмыстық жауапкершілікті қатандату қажеттігі баса айтылды.

Сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрлігіне мектеп бағдарламасына теміржол көлігі инфрақұрылымы нысандарында балалардың қауіпсіз болуына қатысты тақырыпта «Тіршілік жасаудың қауіпсіздік негіздері» пәні бойынша оқу бағдарламасын енгізу ұсынысымен шығу мәселесі көтерілді.

Поделиться:
Популярные новости
185 / 30.12.2024

Мойынты - Балқаш учаскесіндегі қозғалыс бойынша ақпарат

Достық - Мойынты теміржол учаскесінің инфрақұрылымында құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда. 2025 жылғы қаңтар айының үшінші онкүндігінде Мойынты ...

258 / 27.12.2024

Желтоқсан айында биылғы астықтың кезекті миллионы жөнелтілді

27-12-2024 Маркетингтік 2024-2025 жылдары астық тасымалдау көлемінің тұрақты өсу үрдісі байқалады. Желтоқсанның 26 күнінде астық тиеу 1,1 млн т...

631 / 25.12.2024

Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі: тиеу көлемін арттыру, маршруттауды дамыту

Ағымдағы жылдың 11 айында Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша жүктерді тиеу жоспары 9,5% , ал түсіру 9,2% өсті. Тәулігіне орта есепп...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер