Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі: тиеу көлемін арттыру, маршруттауды дамыту
Ағымдағы жылдың 11 айында Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша жүктерді тие...
2019 жыл ақпанының басынан «ҚТЖ» ҰК» АҚ желілері бойынша шамамен 4 млн. тонна көмір тиелсе, соның ішінде қазақстандық станцияларға 3,1 млн. тоннасы тиесілі. ҚР жылуэлектрцентралдары үшін шамамен 2,8 млн. тонна тиелсе, бұл 2018 жылдың көлемінен 0,2% көп. Ел тұрғындарының коммунальды-тұрмыстық қажеттіліктері үшін 348 мың тонна көмір тиелсе, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 3% артық.
ҚР Энергетика министрлігінің жедел мәліметтері бойынша еліміздің жылуэнергетикалық кәсіпорындары, республикалық ЖЭЦ және МАЭС қоймаларының басым бөлігінде пайдалануға қажетті қатты отын қорымен қамтамасыз етілген.
Барлығы 2018 жылдың мамырынан бастап 2019 жылдың қаңтарында республикаішілік қатынастарда шамамен 55 млн. тонна көмір тиелсе, бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен 4% асқан. Оның ішінде ЖЭЦ – 47 млн. тонна жөнелтілсе, бұл өткен жыл көлемінен 3% көп.
2019 жылы тасымалдың ырғағын қамтамасыз ету, күздік-қыстық кезенде жүктемені төмендету үшін өзінің тиімділігін дәлелдеген көмір тасымалы көлемін 3-4 тоқсаннан 2 қайта бөлу бойынша тәжірибесі жалғасын табады.
Әлеуметтік-маңызды жүктер тасымалы «ҚТЖ» ҰК» АҚ жіті назарында. Жылыту маусымы кезеңінде көмір жеткізу мәселелеріне ерекше назар бөлінеді.
Ағымдағы жылдың 11 айында Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша жүктерді тиеу жоспары 9,5% , ал түсіру 9,2% өсті. Тәулігіне орта есепп...
2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қарағанды жүк тасымалдау бөлімшесінің желісі бойынша қара металдарды тиеу көлемі 2,9 млн тоннаны құрас...
Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің желісі бойынша жүк айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2024 жылдың 11 айында 1,3%-ға ар...