Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Орал теміржол бөлімшесінде донор күні болып өтті
1520 / 31.01.2019 00:00

Орал теміржол бөлімшесінде донор күні болып өтті

Орал теміржолшылары, негізінен жас мамандар «Қан өткіз – өмірді құтқар» акциясына белсенді қатысты.

«Жас машинистер, машинист көмекшілері, вагон тексерушілер және өзге де қызметкерлер Батыс Қазақстан облыстық қан орталығына ұйымдасқан түрде барды», - деді Орал вагон пайдалану депосының жетекші инженері, Орал өңірінің жастар істері жөніндегі кеңесінің өкілі Асан Сүлейменов.

Оның сөзіне қарағанда, қан тапсыру – жақсы іс істеудің тағы бір мүмкіндігі. Жас теміржолшылардың көбісі үшін бұл алғашқы донорлық тәжірибе де. Жұмыстағы қиындықтар мен кезек күтуді болдырмас үшін құрылым бойынша қан тапсыру кестесі әзірленіпті.

Қан өткізуден түскен ақшаны донорлар әлеуметтік жағынан аз қамтылған теміржолшылар отбасыларына табыстады.

Батыс Қазақстан облыстық қан орталығының бөлім меңгерушісі Зинара Кенжеғалиеваның айтуынша, жергілікті теміржолшылар орталықпен белсенді ыңтымақтастық таңытып келеді.

«Біз кәсіпорындарда қан қабылдар кезде жылжымалы Донор күнің де өткіземіз. Біздің тұрақты әріптестеріміз қатарында Орал локомотив пайдалану және вагон депосының, өзге де теміржол ұйымдарының қызметкерлері де бар», - деп атап көрсетті З.Кенжеғалиева.

Ағымдағы жылдың 1 ақпанында аяқталатын аталған акцияға Орал темір жолы бөлімшесінде қызмет істеп жүрген жас мамандардың көбісі қатысты.

Поделиться:
Популярные новости
34 / 10.12.2025

ҚТЖ-да Alstom компаниясының қатысуымен жыл сайынғы техникалық семинар өтті

ҚТЖ алаңында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС, «ҚТЖ-Пассажирлік локомотивтер» ЖШС және KZ8A, KZ4AT сериялы электровоздардың өндіруші...

34 / 10.12.2025

WorldSkills Kazakhstan 2025: «Локомотивті басқару» құзыреттілігі бойынша жеңімпаздар анықталды

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ базасында WorldSkills Kazakhstan 2025 X Республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты аясында алғаш рет...

167 / 04.12.2025

Журналистерге астық экспортының логистикасы көрсетіліп, Өзбекстан шекарасындағы кептелістің себептері түсіндірілді

Шымкент қаласында қазақстандық астықты экспортқа тасымалдау мәселелеріне арналған баспасөз туры өтті. Іс-шара барысында журналистерге астықтың Ө...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер