Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Астық пен ұн тасымалдауды қамтамасыз ету – «ҚТЖ» ҰК» АҚ ерекше бақылауында
1632 / 24.01.2019 00:00

Астық пен ұн тасымалдауды қамтамасыз ету – «ҚТЖ» ҰК» АҚ ерекше бақылауында

«ҚТЖ» ҰК» АҚ кездесу барысында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ басшылығы мен ҚР астықөндеушілер одағы өкілдерімен астық ұңтағының өнімдерін үздіксіз тасымалдауды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Әлеуметтік жүктерді, соның ішінде бидай және ұңтақ өнімдерін тасымалдауды қамтамасыз ету «ҚТЖ» ҰК» АҚ жұмысының басымдықты бағыттарының бірі болып табылады. Мәселен, ағымдағы жылы қаңтар айының басынан бері 872,4 мың тонна астық тасымалданса, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,9% артық. Бұл ретте 190 мың тонна ұңтақ өнімдері, соның ішінде экспортқа 134 мың тонна ұн тасымалданған.

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Сауырбаев атап кеткендей, жүкжөнелтушілерді вагондармен қамтамасыз ету – ерекше бақылауда, ал әлеуметтік маңызды жүктерді тасымалдау толық көлемді орындалуда.

Қазақстан астықөңдеушілер одағының президенті Евгени Гананың айтуынша, «астық пен ұн тасымалы үшін қаңтар әдеттегідей тыныш ай болып табылады, ал 2018 жылдың қарашасы мен желтоқсаны тасымалдың жоғары шегі болды». Ол сондай-ақ Түркменстан арқылы жаңа бағытты дамытудың маңызын атап кетті.

2018 жылы 11,5 млн. тонна астық тиелсе, бұл 2017 жылдың деңгейінен 35% асса, соның ішінде экспорт – 8,8 млн. тоннаны құрап, 2017 жыл көрсеткішінен 52% артық. Ұңтақ өнімі 3,5 млн. тоннаға тиелсе, бұл 2017 жыл деңгейінен 3% артық.

Кеңес барысында тараптар өңірлер бойынша ұңтақ өнімдерін тасымалдау туралы ай сайынғы негізде мәліметтер алмасу жөнінде уағдаласты.

Поделиться:
Популярные новости
5 / 16.07.2026

ПРЕСС-РЕЛИЗ

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының не�...

277 / 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

62 / 04.06.2026

Пресс-релиз

2026 жылғы 4 маусым Астана қ. ҚТЖ ТЭ33А тепловоздар паркінің 92%-дан астамын Trip Optimizer ж�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер