Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
2018 жылы   конструкторлық-тәжірибелік орталығында жүзден астам позиция бойынша теміржол өнімдері әзірленді
1647 / 09.01.2019 18:15

2018 жылы конструкторлық-тәжірибелік орталығында жүзден астам позиция бойынша теміржол өнімдері әзірленді

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Алматы жүк тасымалы бөлімшесінің Конструкторлық-тәжірибелік орталығы 2018 жылы шығаратын өнім тізімін 82- ден 109 позицияға кеңейтті.

Кәсіпорын «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшелері филиалдарының тапсыры бойынша теміржол көлігінің техникалық құралдарына қосалқы бөлшектер, құрал-жабдықтар, шағын механизация құралдарын, стандартты емес, технологиялық жабдықтарды және де сол бойынша техникалық құжаттарды әзірлейді.

«КТО вагон тексерушілері үшін балғаларға, жолаушылар вагондарының шпинтондық тегірін шешіп алу үшін бұру кілттеріне және вагон арбашығының табандықпен тежеу аспасы үшін білікшеге тапсырыс беруге болады. Бізде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету фитингтік теміржол платформаларында ірітонналық контейнерлермен тасымалдаудың сақталуына қажетті әмбебап фитингтік тіреу жасалады», деді КТО басшысы Мұхаметқали Елешев.

КТО жаңғырту құрал-жабдықтар мен қосалқы бөлшектерді шығару және жөндеу тізімін кеңейтуге мүмкіндік берді. Өндірістік учаскілер қосымша станоктық құрал-жабдықтармен күшейтілді. Сонымен қатар, ұстахана бөлімшесі мен дәнекерлеу учаскесі пайдалануға берілді.

КТО мамандары өнертапқыштық ұсыныстарға сараптама жүргізу, теміржол көлігі техникалық құралдарын пайдалану тәжірибесіне қатысып, соның негізінде техникалық құжаттарды әзірлеу мен тәжірибелік үлгілерін жасап, «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшелерінің дәнекерлеушілерін аттестациядан өткізеді.

М.Елешев атап кеткендей, болашақта дәнекерлеуші, шылбырлаушы және өзге де мамандықтар бойынша мамандарды оқыту және біліктілігін арттыру жөніндегі техникалық сынып ашу көзделген.

Бұдан басқа, КТО ұжымы тәжірибелік нұсқалар мен металөнімдерінің мәлімделген өлшемдерге сәйкестігін тексеруді, сыналатын жабдықты саралау мен тексеруді ұйымдастыруды және сериялық өнімдерді шығару үшін атаулар тізбесін кеңейтуді жоспарлауда.

«Ары қарай да даму үшін Конструкторлық-тәжірибелік орталық перспективаларға және үлкен әлеуетке ие. Орталық қызметкерлері кез келген конструкторлық және күрделі міндеттерді атқаруға дайын», деп атап көрсетті М.Елешев.

Поделиться:
Популярные новости
5 / 16.07.2026

ПРЕСС-РЕЛИЗ

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының не�...

278 / 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

62 / 04.06.2026

Пресс-релиз

2026 жылғы 4 маусым Астана қ. ҚТЖ ТЭ33А тепловоздар паркінің 92%-дан астамын Trip Optimizer ж�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер