Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Келісімге қол жеткізілді
1461 / 07.12.2018 10:57

Келісімге қол жеткізілді

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ-да жұмыс кездесуі өтті, онда компания мен Қазақстан астық өңдеушілер ассоциациясының өкілдері тартылған астық өнімдерін тасымалдау үшін кәсіпорындарды жабық вагондармен қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарушы директоры - «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Саурбаев тартылған астық өнімдерін тасымалдау үшін ағымдағы жылы «KTZ Express»-на тиесілі астық тасымалдағыштар паркінің  жартысынан астамы (67%) пайдаланылғанын атап өтті. Өткен жылы бұл көрсеткіш әлдеқайда аз болды - 52%.

- Астық тасымалдағыштар жеткізілімінің төмендеуі болмағанын атап өткім келеді. Керісінше, тартылған астық өнімдерін бірыңғай жеткізу үшін біздің  вагон паркіміз көбірек пайдаланыла бастад », - деп атап өтті ол.

Ағымдағы жылдың тамыз-қараша айларында «KTZ Express» АҚ-ның жүк тиеу көлемі 12 730 вагонды құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде - 10 714. Жүк тиеудің өсімі 2 016 вагонды немесе 119% құрады.

Жалпы алғанда, 2018 жылдың тамыз-қараша айларында «KTZ Express» АҚ-ның паркінде жүк тиеу үлесінің өсу қарқыны былтырғы жылмен салыстырғанда 14,8% немесе 133 мың тоннаны құрады.

Қазақстан астық өңдеушілер одағының президенті Евгений Ган, ағымдағы жылы өнім өткізушілер санының көбейгені туралы айтты. Осылайша, Ақмола және Қостанай сияқты дәртүрлі аграрлық облыстарға қарағанда қарағандылық астық өңдеушілер ұнды үлкен көлемде тасымалдай бастады.

-Қыркүйек-желтоқсан айлары – ең көп астық тасымалданатын айлар болып табылады. Астық дақылдарын біркелкі жөнелту үшін өңір бойынша әлеуметтік маңызы бар жүктерді тасымалдау бойынша тұрақты жедел ақпарат қажет деп есептейміз.

Кездесу барысында «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ мен Қазақстанның астық өңдеушілері ассоциациясының өкілдері өңірлер бойынша тартылған өнімдерді тасымалдау бойынша толық және жедел ақпарат алмасу туралы келісімге қол жеткізді.

"Қазақстан темiржолшысы" газеті

Поделиться:
Популярные новости
10 / 16.07.2026

ПРЕСС-РЕЛИЗ

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының не�...

278 / 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

63 / 04.06.2026

Пресс-релиз

2026 жылғы 4 маусым Астана қ. ҚТЖ ТЭ33А тепловоздар паркінің 92%-дан астамын Trip Optimizer ж�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер