ҚТЖ 36 өндірістік нысанды жөндеуден өткізеді
2025 жылы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС өз қызметкерлерінің еңбек жағдайларын жақсарт...
«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ өкілдері China (Chengdu) International Supply Chain and Smart Logistics Expo 2018 салалық көрмесіне қатысты. Ол 2018 жылдың 28-30 қарашасы аралығында ҚХР Сычуань провинциясындағы Чэнду қаласында өтті. Іс-шараға 10-нан астам теміржол әкімшіліктерінің өкілдері қатысты.
Көрме аясында Чэнду үкіметінің, «Транскаспийлік Халықаралық Көлік маршруты» Халықаралық Ассоциациясының және қытайлық жүк жөнелтушілердің қатысуымен Қытай, Қазақстан, Ресей, Украина және Польшаның теміржол әкімшіліктерінің бесжақты кездесуі өтті. Келіссөздер барысында Қазақстан, Ресей және Украина аумақтары арқылы Қытайдан Польшаға пилоттық режимде контейнерлік маршрутты іске қосу туралы келісімге келді. Жаңа контейнерлік пойыз тек Достық станциясында - тардан жолдан кеңіне ауыстырып тиелетін болады. Соңғы аялдама - Славкув станциясы, тәулігіне 4 контейнерлік пойызға дейін өңдеуге қабілетті.
«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Сыртқы байланыстар және PR департаментінің бас менеджері Асқар Сағындықов, Аспан асты еліне қайтар жолда пойыз Транскаспий бағыты бойынша, яғни Украина, Грузия, Әзірбайжан және Қазақстан аумағы арқылы жүретінін атап өтті. Қытайға көкөністер, жемістер, азық-түлік өнімдерін алып барады.
Қытай - Еуропа - Қытай дәлізі бойынша халықаралық контейнерлік тасымалдаулар белсенді дамып келеді. Соңғы жеті жыл ішінде Қытайдан Еуропаға жөнелтілетін контейнерлердің жүк ағыны 200 есеге дерлік өсті.
2025 жылы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС өз қызметкерлерінің еңбек жағдайларын жақсарту мақсатында 36 өндірістік нысанды ағымдағы жөндеуден өткізуді жос...
Достық станциясы жүктерді тасымалдау және қайта өңдеу көлемінің тұрақты өсуін көрсетуде. Достық халықаралық көлік дәлізінің маңызды буыны болып ...
Өскеменде «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС қызметкерлерінің еңбегін қорғау және қауіпсіздігі бойынша республикалық семинар өтті. Биылғы семинардың баст...