Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Жедел шахмат турнирінде Шығыс Қазақстан ЖТ бөлімшесінің командасы бірінші орынды иеленді
1579 / 04.12.2018 18:44

Жедел шахмат турнирінде Шығыс Қазақстан ЖТ бөлімшесінің командасы бірінші орынды иеленді

Өскемен қаласында мемлекеттік органдар мен ірі ұлттық компаниялар қызметкерлері арасында шахматтан бірінші командалық біріншілік өтті. Шахмат турнирі Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Күніне арналған. Он бір команданың арасынан ең мықтысы анықталды.

Турнирдің қорытындысы бойынша бірінші орын Шығыс Қазақстан ЖТ бөлімшесінің командасына берілді. Команда құрамына тепловоз машинисті Ержан Ошақбаев, Серебряная станциясының бастығы Ержан Жексенбеков, Өскемен-1 станциясының жүк және жолжүктерін қабылдап-тапсырушысы Айгерім Бердыгожинова кірді. Командаға турнирдің Ауыспалы Кубогы табысталды.

- Шахмат - біздің бөлімше теміржолшыларының арасында ең танымал спорт түрлерінің бірі. Тақталарда қызықты ымырасыз шайқастар басталды. Біздің команда бұл турнирді сенімді өткізді, - деді команда капитаны Ержан Жексенбеков.

Поделиться:
Популярные новости
24 / 11.09.2026

Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...

458 / 10.08.2026

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру талқыланды

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер