ПРЕСС-РЕЛИЗ
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де Қазақстан Респу...
«ҚТЖ –Жүк тасымалы» АҚ – «Қарағанды локомотив пайдалану депосы» филиалының ұжымы кәсіпорынның торқалы мерейтойын атап өтті: оның құрылғанына 85 жыл толып отыр.
Осы мереке құрметіне депода салтанатты жиын болып өтті. Оған құрметті теміржолшылар, кәсіпорын құрылуының бастауында болған ардагерлер қатысты.
Паровоздарды жөндеуге арналған үш жырасы бар жуу цехынан бастап қуатты заманауи кәсіпорынға дейін – депоның тарихы осындай.
Алғашқы Э сериялы паровоздар 1934 жылы пайда болды. Олар Қарағанды –Анар, Қарағанды-Угольная учаскелеріне қызмет көрсетті.
Локомотив депосы құрылуының бастауы кезеңі – Қазақстан темір жолы тарихының жеке парақшасы. Жүздеген, мыңдаған адамның теміржолшы мамандығын игеруі кәсібі ғана емес, тағдыры да болып кетті.
Паровоздарды жылдамдатылған тәсілмен жөндеуден шығару Ұлы Отан соғысы кезінде айтарлықтай ауырлық туғызды.
Соғыстан кейінгі жылдар депо әлеуетінің артуы және өндірістің өсуі кезеңі еді. Жаңа техникалар түсе бастады. 1966 жылдары 13 дизелдік пойыз жеткізілді. Ал 1965 жылдың сәуірінен Қарағанды-Целиноград учаскесінде электр пойыздарымен қызмет көрсетіле бастады. «Астана-Алматы» жүрдек экспресі, «Тұлпар-Тальго» пойызы сондай-ақ Қарағанды локомотив пайдалану депосының локомотив бригадаларымен іске қосылды.
Депода бір жарым мың адам жұмыс істесе, соның 1,2 мыңы – локомотивтік бригадалары. Жүк тасымалы көлемі үлкен, өйткені Қарағандыда еліміз өндірісі нысандарының айтарлықтай бөлігі шоғырланған.
Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...
2026 жылғы 4 маусым Астана қ. ҚТЖ ТЭ33А тепловоздар паркінің 92%-дан астамын Trip Optimizer ж�...