Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлері Спартакиадада жүлделі орындарға ие болды
1736 / 30.11.2018 17:12

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлері Спартакиадада жүлделі орындарға ие болды

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның орталық аппараты, филиалдары мен еншілес ұйымдарының қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған Спартакиада аясында шахмат және бильярд бойынша турнирлер өтті.

Шахматтан жарыстарға 19 команда, бильярд бойынша - 25 команда қатысты. Команда құрамына үш ойыншыдан - екі ер адам және бір әйел адам кірді. Жарыстар командалық, сондай-ақ ерлер мен әйелдер арасындағы жеке біріншілікте өтті.

Шахмат турнирі бойынша әйелдер арасындағы жеке сайыста үшінші орынды «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ экономика департаментінің менеджері Гаухар Наримбаева, ерлер арасында екінші орынды Астана эксплуатациялық локомотив депосының көмекшісі Данияр Касаев иеленді.

Ерлер арасындағы бильярд турнирі бойынша жүлделі орындардың иегерлері анықталды. «Қоланы» 40 станцияның қызметкерлері Ибраим Байзақ пен Бексұлтан Бекбаев бөлісті.

- Барлығы лайықты қарсыластар болды. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ өкілдерінің командалары жақсы ойыны мен шеберлігімен ерекшеленді. Тұтастай алғанда, ең кем деген – мықтылардың үштігіне кіру міндеті- орындалды, - деді Гаухар Наримбаева.

Турнирдің жүлдегерлері Спартакиаданың жоғары деңгейде өткенін атап өтті.

Поделиться:
Популярные новости
20 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

22 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

1 / 30.05.2026

Көкшетау локомотив депосында жұмысшылардың еңбек және демалыс жағдайлары жақсарды

Көкшетау станциясында локомотивтерге техникалық қызмет көрсету цехын, әкімшілі...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер