Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Т/ж жолдарындағы 90% соқтығысуда зардап шеккендердің өздері кінәлі
1413 / 29.11.2018 15:36

Т/ж жолдарындағы 90% соқтығысуда зардап шеккендердің өздері кінәлі

«Алматы-1» станциясында жергілікті мамандандырылған колледждердің студенттері белсене қатысқан қауіпсіздік мәселелері бойынша акция өтті.

Теміржолшылар Алматы техника-экономикалық жол қатынастары колледжі мен М.Тынышпаев атындағы Теміржол көлігі колледжінің студенттерін «Алматы-1» станциясының жұмысымен, өндіріс үдерісімен таныстырды..

Акция барысында теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Болашақ теміржолшыларды соңы қайғылы салдарға әкеп соқтыратын ережелердің бұзылуы туралы хабардар етті. Теміржол жолдары аймағында мінез-құлық ережелерін қатаң сақтауға шақыратын арнайы үйретуші роликтер көрсетілді.

«Теміржолдарда 90% соқтығысуда зардап шеккендердің өздері кінәлі. Жолдардағы жарақаттардың басты себебі - азаматтардың рельстерді рұқсат етілмеген жерлерде кесіп өтуі кезіндегі  абайсыздығы және алаңғасырлығы», - дейді Алматы-1 станциясының бастығы Асқар Исимбеков.

Статистикаға сүйенсек, теміржолда жарақат алғандардың 20% құлаққаптармен жүреді, локомотивтердің дыбыстық сигналдарын естімейді. Сондай-ақ, теміржол желілерінде ойындар ұйымдастыратын, қауіпті жерлерде селфи жасайтын қызық қуушылардың мінез-құлқы да алаңдатушылық тудырады.

Теміржолшылар үнемі барлық жол бөлімшелерінде алдын-алу жұмыстарын жүргізеді, темiржол желiсiнiң жанында - ерекше қауiптiлiгi бар аумақтарды тұратын барлық адамдарды темiр жолда жүру ережелерiн қатаң түрде сақтауға шақырады.

Поделиться:
Популярные новости
13 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

15 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

64 / 19.05.2026

11 пайдалану локомотив депосы жаңа техника алды

2026 жылдың басынан бастап ҚТЖ локомотив паркі 72 Жаңа тарту техникасымен толықтыр�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер