Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Жетісу станциясы. Екпіндер, үрдістер, адамдар
1477 / 28.11.2018 10:44

Жетісу станциясы. Екпіндер, үрдістер, адамдар

Жетісу станциясы Алматы жүк тасымалдау бөлімшесінің біржолды Алматы-Сары-Өзек учаскесінің 1667-ші шақырымында орналасқан. Атқаратын жұмысының мақсаты мен сипаты бойынша аралық, ал жүк және техникалық операциялардың көлемі мен жұмыстың күрделілігі бойынша - екінші санатқа жатады.

Жетісу станциясы бағыттамалар мен сигналдарды электрлік орталықтандыру құрылғысымен жабдықталған және резервтік басқаруда тұр. Станцияда электрлік орталықтандыру бекеті, техникалық кабинет, тауар кеңсесі ғимараты бар. Жетісу – Байсерке аралығында автоматты шлагбаумы бар автоматты бағдаршамды дабылмен жабдықталған реттелетін өткел бар. Станцияда 7 станциялық темір жол және 5 қабылдап-жөнелтуші бар. Маневтрлік жұмыстар екі локомотивпен жүргізіледі. Тікелей басшылық ету және бөлімшелердің өзара әрекеттесуі үшін станция барлық байланыс түрлерімен жарақтандырылған.

Станция қызметкерлері барлық өндіріс көрсеткіштерін орындайды. Ағымдағы жылдың 10 айында жүк тиеу 12063, ал түсіру - 17556 вагонды құрайды. Станцияға іргелес кірме жолдар бар. Тұрақты және беделді клиенттерінің арасында «Раимбек Боттлерс» ЖШС, «Гелиос» ЖШС, «ИЛД Даму» ЖШС, «Атасу транс» ЖШС және басқаларын атап кетуге болады.

Станцияны басқарушы кәсіби маман.

Жетісу станциясының бастығы Данияр Нұрқасымов осы Жетісу станциясында қозғалыстың ең кең тараған мамандықтарының бірі пойыз құрастырушысынан бастап, өсудің барлық баспалдақтарынан өтті.

Данияр Нұрқасымовтың айтуынша, бұл оның өз мамандығында ашылуы үшін өз алдына бір сәтті бойтұмарға айналды.

Алматы жүк тасымалдау бөлімшесінде пойыз диспечері, техникалық бөлімнің бас инженері, қауіпсіздік бөлімінің тексерушісі болып жұмыс істей отырып, ол тамаша сезімталдық және тапқырлық қасиеттерді бойына сіңірді. Алматы жүк тасымалдау бөлімшесінде кадр бөліміне басшылық жасай отырып ол қызметкерлермен жұмыс істеу кезіндегі психологиялық білімді үйренді.

Әрине, оның жұмысының барлық кезеңдері, басқарушылық және ұйымдастырушылық қызметі дәл бүгінгі өте қажет. Станция бастығының басты міндеті - станция жұмысын жоғары деңгейде ұйымдастыру болып табылады.

Бастықтың жауапкершілік дәрежесі мен орындалатын тапсырмалардың деңгейі өте зор екенін айта кету керек. Бұл жоғарыдағы басшылыққа үнемі есеп беру, станцияда туындайтын проблемалық жағдайларды талдау, сондай-ақ станция клиенттерімен үнемі өзара әрекеттесу. Сонымен қатар, әртүрлі жұмыс журналдарын жүргізу/толтыру, қол астындағылардың оларды жүргізуіне бақылау жасау. Апта сайын станция бастығының күні өткізіледі, және егер көршілес қызметтер арасында қандай да бір проблемалар туындаса, әрқашан бірлесіп шешім табылады. Данияр Нұрқасымов өз бағыныштыларына сыпайылықпен және құрметпен қарайды.

- Адамдармен үнемі сөйлесу керек. Әсіресе, егер сіз бастық болсаңыз. Қол астындағыларыңыз өз басшысынан көшбасшы және сенімді адамды көре білуі керек, - деген сенімділікпен сөйледі ол.

Және бұл оның қолынан келді. Станцияда ерте жасынан бастап осында келген және бүгінгі күнге дейін өздерінің кәсіби міндеттерін адал атқарып келе жатқан көптеген адамдар еңбек етуде. Жүктер мен жолжүктерін аға қабылдап-өткізуші Жұпархар Игесенова жиырма бес жылдан астам уақыт станцияда жұмыс істейді, жүктерді қабылдап-өткізуші - Мерует Мұхамеджанованы да станцияның бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан қызметкерлерінің бірі деуге болады, тауар кассирі Ұлтуар Әмірходжаева да өз қызметін кәсіби атқаруда. Станция бастығының орынбасары Ильдар Халитов өз міндеттерін мейлінше тиянақты орындайды, үлкен жұмыс тәжірибиесі бар қауіпсіздік жөніндегі бас маман Бақыт Досаломанов жастар үшін жақсы тәлімгер болып табылады.

Әрине, кез-келген кәсіпорын сияқты, күрделілік тудыратын белгілі бір мәселелер де бар. Атап айтқанда, станция, сөзсіз, жолды дамытуды талап етеді. Станциялық паркті әскери күзеттің қызметкерлері тәулік бойы күзетеді, көлік полициясының қызметкерлерімен бірлескен рейдтер жүргізіледі, оқу орындарында мектеп оқушыларымен жеке қауіпсіздік және теміржол аймағында болған кездегі мәселелер бойынша кездесулер өткізіледі.

Қысқаша айтқанда, Жетісу станциясы өзінің қызықты өмірімен өмір сүруде, пойыз қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, қалыпты жағдайда жұмыс істеуде.

«Қазақстан теміржолшысы» газеті

Поделиться:
Популярные новости
23 / 19.03.2024

ҚТЖ локомотивтері дизельдік отын шығынын 3,3%-ға қысқартты

2023 жылы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС дизельдік отынның үлестік шығынын 2022 жылмен салыстырғанда 3,3%-ға азайтып, 1169 тонна дизельдік оты...

349 / 12.03.2024

ҚТЖ жүк тасымалдау тиімділігін арттыру бойынша Бағдарлама әзірледі

Алматыда жол басқармалары филиалдарының, өңірлік тасымалдауды басқару орталықтарының басшылары, Алматы торабындағы станциялар қызметкерлерінің, ...

52 / 07.03.2024

Құрметті ханымдар!

Сіздерді келе жатқан 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз! Біздің компаниямыздың  кәсіби біліктілігі мен жауапкершіл...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер