Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Маңғыстау ЖТ бөлімшесі бойынша 2018 жылдың басынан бері әлеуметтік маңызды жүктерді тасымалдау көлемі екі есе өсті
1270 / 27.11.2018 17:51

Маңғыстау ЖТ бөлімшесі бойынша 2018 жылдың басынан бері әлеуметтік маңызды жүктерді тасымалдау көлемі екі есе өсті

Ағымдағы жылдың 27 қарашасында Ақтау қаласында 2018 жылдың өткен кезеңі үшін әлеуметтік маңызы бар жүктерді тасымалдау қорытындылары бойынша брифингте «ҚТЖ –Жүк тасымалы» АҚ Маңғыстау филиалының директоры Нажимеден Губашов сөз сөйледі.

Журналистермен кездесу барысында ол Маңғыстау бөлімшесі арқылы тасымалданатын негізгі жүктер дәнді дақылдар, құрылыс материалдары, қиыршық тастар, халық тұтынатын тауарлар, металл бұйымдары екендігін айтып берді.

- Жалпы, 2018 жылдың 10 айы ішінде біздің бөлімше арқылы 4 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 23% артық, - деді Н. Губашов.

Филиал ҚР транзиттік әлеуетін дамытуда маңызды рөл атқарады және Оазис, Болашақ шекаралық станциялары, Құрық және Ақтау халықаралық теңіз порттары арқылы Өзбекстан, Түркіменстан және Каспий маңы елдеріне жүк тасымалын жүзеге асырады.

Осылайша, бөлімшенің теміржолшыларымен Ақтау теңіз сауда порты арқылы арпа, Болашақ шекаралық теміржол станциясы арқылы Түркіменстан, Ауғанстан мен Иранға - астық, бидай, ұн және макарон бұйымдары тасымалданады.

Ақтау теңіз сауда порты арқылы жүк тасымалдау көлемі  артуда, жүктерді ауыстырып тиеу қуаты 17,7 млн. тоннаны құрайды. Порт аумағында орналасқан «Ақ Бидай-Терминал» АҚ-ның астық терминалында жалпы көлемі 22,5 мың тонна болатын астықты уақытша сақтауға арналған 11шұңқыры бар. Ауыстырып тиеу бойынша терминалдың көлік коммуникацияларының өндірістік қуаты сағатына 350 тонна астықты құрайды, бұл теміржол вагондарынан тәулігіне 3 мың тоннаға дейін астық қабылдауға, ал теңіз кемелеріне күніне 4 мың тоннаға дейін астық тиеуге мүмкіндік береді

2018 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша «Ақбидай» және «Солтүстік» астық терминалдары арқылы 343 кемеге 1,3 млн. тоннадан астам астық тиелді, бұл өткен жылдың ұқсас көрсеткіштерінен 2 есеге артық.

Нажимеден Губашов жүк операциялары кезінде вагондар айналымының уақытын қысқарту үшін тасымалдау процесінің барлық қатысушыларына кемелерді жалдау уақытын ескере отырып, үйлесімді және шоғырландырылған жұмыстың қажет екендігін атап өтті.

- Транскаспийлік халықаралық көлік бағыты бойынша мультимодальды тасымалдауларды дамыту шеңберінде, тасымалданатын жүктердің көлемін 2018 жылдың соңына қарай 4 млн. тоннаға дейін, яғни 2 есеге арттыру жоспарлануда, - деді спикер.

Қазіргі уақытта осы бағыт бойынша контейнерлерде бидай, халық тұтыну тауарлары, комбайндар, мұнай, газойл сияқты жүктерді тасымалдау жүзеге асырылуда.

Аймақтың теміржолшылары әлеуметтік маңызы бар және басқа да жүктерді тасымалдау бойынша одан әрі тиімді жұмыс жасауды көздеуде.

Поделиться:
Популярные новости
112 / 16.04.2024

Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат

2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...

124 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

15 / 12.04.2024

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі 2024 жылдың алғашқы үш айында көршілес Қытай бағыт...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер