Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
«Борт» жүйесін маневрлік локомотивтерге енгізеді
1457 / 26.11.2018 10:44

«Борт» жүйесін маневрлік локомотивтерге енгізеді

Қауіпсіздіктің жаңа борттық жүйесі локомотивтің бағдаршамның тыйым салынған сигналына өтуін болдырмайды. Жүйе Қарағанды эксплуатациялық локомотив депосының ЧМЭ3т сериялы маневрлік локомотивінде эксплуатациялық сынақтан өтті.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ мамандары маневрлік локомотивтерінде «Борт» жүйесін орнату жобасын дайындады. Ол қолданыстағы қауіпсіздік және автоматты локомотивтік сигнализация кешенді құралдарына балама болады.

«Егер машинист ескертуші жарық және дыбыс белгі берулеріне жауап қатпаса, сондай-ақ жүйе рұқсатсыз өшірілген жағдайда (қосулы электропневматикалық қақпақшада), «Борт» өз бетінше пойыздың мәжбүрлі тежелуін қолдана алады», - деп түсіндірді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның бас инженері Иван Костыря.

И.Костыряның сөзінше, жүйе пойыз жағдайына қарай, локомотивтік бағдаршамның ағымдағы көрсеткіштерін, рұқсат етілген және мақсатты жылдамдық мәндерін үздіксіз жинақтайтын, және ішкі жадыда және тасымалданатын ақпарат құралдарында пойыз параметрлерді тіркейтін болады.

«Борт» қырағылық тұтқышының көмегімен машинисттің жұмысына бір реттік және кезеңдік бақылау жүргізе алады.

Жүйе локомотивті көмекшісіз бір жүргізушінің басқаруы кезінде пойыз қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Поделиться:
Популярные новости
28 / 11.09.2026

Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...

473 / 10.08.2026

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру талқыланды

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер