Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Алматыда жүргізушісі көлікті басқара алмай, пойызбен соғысты
1295 / 25.11.2018 15:06

Алматыда жүргізушісі көлікті басқара алмай, пойызбен соғысты

2018 жылдың 25 қараша күні 4 сағат 19 минутта Алматы1-Алматы -2 аралығында жүк пойызының машинисті 30 км\сағ. жылдамдықпен жүріп келе жатып теміржол желілеріне Hyundai маркалы автокөлігінің кенеттен пайда болуына байланысты шұғыл апаттық тежеу қолданды. Шағын қашықтыққа байланысты соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Пойыз 05 сағат 34 минутта жөнелтілді. Тепловоз және локомотивті бригада «TTT Сервис» ЖШС-не тиесілі.

Аталмыш учаскеде темiржол өткелі жоқ. Жүргізуші Жол жүру ережесін бұзды және басқарудан айырылып, теміржол желісіне шығып кетуінің салдарынан жүріп келе жатқан пойызбен соқтығысуға жол берді.

Бұл іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Теміржол қалыпты жағдайда жұмыс істеуде.

Эксплуатациялық локомотив депосының жүргізушілерімен адамдарды басып кетуді болдырмау үшін екі мыңнан астам шұғыл тежеу әрекеттері қолданылды. Соның 90%-ында локомотив бригадаларының кәсіби әрекеттерінің арқасында соқтығысуға жол берілмеді.

Жыл басынан теміржол өткелдерінде 9 соқтығысу оқиғасы орын алды. Өткелдердегі барлық ЖКО автокөлік жүргізушілерінің кінәсінен болады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ жүргізушілерді мұқият болуға және темiржол өткелiнен өту кезiнде Жол жүру ережелерiн сақтауға шақырады.

Көбінесе жүргізушілер жарық және дыбыстық сигнал беру белгілерін елемей, жақындап келе жатқан пойыздың алдындағы өткелге шығады.

Теміржол өткеліне келіп жеткенде жүргізуші жол белгілерінің, бағдаршамдар, белгілердің талаптарын, шлагбаумның күйін және өткелдегі кезекшінің нұсқауларын басшылыққа алуы қажет. Өткелден өтетін кезде міндетті түрде жақындап келе жатқан пойыздың жоқтығына көз жеткізу қажет.

 «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
22 / 03.07.2025

ҚТЖ басқарма төрағасы тағайындалды

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның Басқарма төрағасы Нұрлан Жақұпов «ҚТЖ» ҰК» АҚ ұжымына жаңа басқарма төрағасы Талғат Сағиев...

22 / 02.07.2025

Жедел деректер бойынша 2025 жылдың 6 айында 150,1 млн тонна жүк тасымалданған, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4% артық

Экспорттық тасымалдар тұрақты өсім көрсетуде — экспорт көлемі 9% артты. Атап айтқанда, астық экспорты — 65%, құрылыс жүктері — ...

20 / 02.07.2025

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС қызметкерлері ТЭ36А сериялы жаңа тепловоздар бойынша Қытай Халық Республикасында оқудан өтті

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС пен CRRC Dalian Co., Ltd. арасындағы ТЭ36А жаңа сериядағы магистральді тепловоздарды жеткізу жөніндегі ...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер