Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Семейлік теміржолшылар көмірді «есіктен есікке» қағидаты бойынша жеткізеді
1068 / 23.11.2018 17:53

Семейлік теміржолшылар көмірді «есіктен есікке» қағидаты бойынша жеткізеді

Биылғы жылы «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ – «Семей ЖТ бөлімшесі» филиалының теміржолшылар Семей қаласының әкімшілігімен және «Қаражыр» АҚ-мен бірге «есіктен есікке» қағидаты бойынша көмірді жеткізу бойынша бірегей жобаны жүзеге асырды. Оның аясында теміржолшылар мен мемлекеттік қызметшілер көмір тұйығына келмей-ақ, тұрмыстық көмірді жеткізуге тапсырыс бере алды. Қатты отынды бөліп төлеумен де сатып ала алуға болады.

- «Жігер» көмірінің көтерме сатушысы бізге  жәрдем көрсетті. Жұмысшылар алатын жалақыларына байланысты алған көмірлері үшін үш айға дейін бөліп төлеумен төлем жасай алады. Жоба ағымдағы жылдың шілде айынан бастап жүзеге асырылды. Көмір жақсы сапада келуде. Біздің қызметкерлер 4,5 мың тонна тұрмыстық көмір алды », - деді «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ – «Семей ЖТ бөлімшесі» филиалының директоры Марлен Көкірекбаев.

Осындай жоба келесі жылы да жүзеге асырылатын болады.

Көмір Семейден Қазақстанның барлық өңірлеріне жеткізіледі, бірақ жүктеменің негізгі бөлігі Шығыс Қазақстан, Алматы, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарына тиесілі.

Биылғы жылы көмір тасымалдау күні бұрын - мамыр айынан басталды.

- 10 ай ішінде өткен жылмен салыстырғанда 880 мың тоннаға артық көмір тасымалданды, - деді Марлен Көкірекбаев.

Марлен Көкірекбаев атап өткендей, Семей жүк тасымалдау бөлімшесінде әлеуметтік маңызы бар жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру ерекше бақылауда. Көмір, астық, ұн және басқа да жүктерді уақтылы және жоспарлы көлемде жүктеуге жылжымалы құрамды үздіксіз жеткізу үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда.

- Жергілікті атқарушы органдары мен тасымалдау процесіне қатысатын ұйымдардың барлық қызметтерінің бірлескен күш-жігері мен келісімінің арқасында барлық туындайтын мәселелер тез арада шешіледі, - деп атап өтті ол. – Жүк жөнелтушілердің өтінімдерін жылжымалы құраммен қамтамасыз ету толық көлемде жүзеге асырылады.

Поделиться:
Популярные новости
47 / 16.04.2024

Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат

2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...

56 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

118 / 09.04.2024

«Темір жол балалардың көзімен» балалар мен жасөспірімдер суреттерінің онлайн байқауын өткізу тәртібі

1. «Темір жол балалардың көзімен» балалар мен жасөспірімдер талантының онлайн байқауы (бұдан әрі – Байқау) Балаларды қорғау күніне орай ...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер