Пресс-релиз
**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еураз�...
Компанияның бизнесті трансформациялау бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-да жаңа маркетинг және сату үлгісін енгізу» жобасын мен өнімдік ұсыныстарды құру бойынша жұмыс «ҚТЖ» ҰК» АҚ стратегиясына сәйкес жүзеге асырылады.
Жаңа жоба «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-да сатылым және сервистік қызмет көрсету функцияларын құруға, сондай-ақ тұтастай алғанда Компанияның клиентке бағдарлану деңгейін арттыруға бағытталған.
Жобаның негізгі мақсаты ҚР-да көлік саласындағы табыстар бойынша нарық үлесін 40% -ға дейін арттыру және тұтынушыларды қанағаттандыру индексін (CSI) 60% -ға дейін арттыру болып табылады.
Бұл жобаны іске асыру маркетингтік қызметті жақсартады, өнімдер мен қызметтер портфелін кеңейтеді, клиенттер санын және қызмет көрсету деңгейін жоғарылатады.
Жобаны іске асыру үшін «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ында басқарма төрағасы-бас директордың м.а. төрағалық етуімен басқару комитеті және жоба директорының төрағалығымен жұмыс тобы құрылды. Корпоративтік даму департаментінің бастығы Наталья Макурина жобаның директоры болып тағайындалды.
- Жоба аясында қайта құру бағдарламасы әзірленеді. Қазіргі уақытта «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-да жобаны талқылау үшін мүдделі тараптардың қатысуымен екі кездесу өткізілді. Қазіргі уақытта бағдарламаның жобасы бірлесіп жөнге келтіріліп жатыр», - деді Наталья Макурина.
2026 жылдың басынан бастап ҚТЖ локомотив паркі 72 Жаңа тарту техникасымен толықтыр�...