Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Алдағы қысқы маусымға «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ филиалдары мен шаруашылықтары 100% дайын
1403 / 16.11.2018 14:13

Алдағы қысқы маусымға «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ филиалдары мен шаруашылықтары 100% дайын

Суық маусымда тиімді және сенімді жұмыс істеу үшін мұнда 40-тан астам іс-шаралар өткізілді. Олардың көпшілігі жабдықтар, қызметтік үй-жайларды жөндеу және сынақтан өткізу, кәсіпорындарды жанар-жағармай материалдарымен және көмірмен, қосалқы бөлшектермен қамтамасыз ету және және локомотив сервисіне қатысты болды.


Осылайша, электр жылжымалы құрамда байланыс сымының мұздауымен күресу үшін қажетті 19 вибропантограф, қолданыстағы локомотив деполардың жылу қазандықтары, өндірістік-техникалық ғимараттар мен онымен байланысты құрылғылар, құмды-кептіру қондырғылары, локомотив бригадаларының демалыс үйлері, әкімшілік-шаруашылық және қызметтік-техникалық бөлмелер дайындалды. Компрессорлы жабдықтың 11 механизіміне  және 5 нысанда локомотивтерге техникалық қызмет көрсету пунктерінің жабдықтарына ағымдағы жөндеу жұмыстары  жүргізілді.


Шу станциясында жаңа газдандырылған қазандық салынды.

- Филиалдардың тұрмыстық және техникалық қажеттіліктері үшін қажетті көлемде көмір дайындалды», - деп хабарлады «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның Техникалық саясат жөніндегі атқарушы директоры Бейбіт Ибраев. - Бұдан басқа, біздің филиалдарымыз мазутпен, сондай-ақ тауарлық-материалдық құндылықтар мен қосалқы бөлшектердің жоспарланған көлемімен қамтамасыз етілген.


Тартқыш жылжымалы құрамның жағдайы да толық бақылауда. Күзгі комиссиялық тексеру барысында локомотив паркі Теміржол көлігінің техникалық пайдалану ережесінің талаптарына сәйкестігіне бағаланды

.

Локомотивтердің бір бөлігі үлкен жөндеу жұмыстарынан өтті (ТО-7, ТО-8, ТОУ-8, КР). Жалпы алғанда қысқы жұмыс маусымына 1 322 локомотивтің жүйелері мен тораптары ауыстырылды.


Суық маусызға дайындау аясында жазғы майлауды қысқыға толығымен ауыстыру, аккумуляторлық батереялардың электролит тығыздығын түзету, радиаторлық бөліктің жылытқыш қалқандарын қаптау және орнату, дизельдік үй-жайдағы ауа алудың маусымдық жапқыштары ашу және бекіту, «қыс-жаз» кранын қажетті қалыпқа ауыстыру, тартқыш элекрқозғалтқыштарды, ауа және отын жүйесінің құбыр желілерін жылыту, отын-жылытқыш және калориферлердің жүйесін іске қосу жүргізілді.


Сонымен қатар, жылдау зарядтау және тежеуіштерді сынамалау құрылғыларының (ЖЗТС) 12 бірлігіне техникалық жөндеу және ЖЗТС-ның 30 бірлігіне сервистік қызмет көрсету жүргізілді.


20 локомотив ЭСО, ФРЭС типті роторлы машиналармен өзара әрекеттестікке сынамалану үшін бекітілді.


Пайдаланылатын паркті ұстаудың жоғары дәрежесі мен дайындығы уақтылы және сапалы сервистік қызмет көрсетілуімен қамтамасыз етілетіндігі сенімділік тудырады. Ел аумағында тартқыш жылжымалы құрамды жөндеудің барлық түрлері жүргізіледе.


«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ ТЭ10 және ЧМЭ сериялы локомотитерге техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ 2ТЭ10МК, ТЭ33А, ТЭП33А, СКД6Е, ТЭМKZ, ТЭМ тепловоздарына, KZ8A, KZ4Aт, KZ4A/Ас, ВЛ80/40 электровозовдарына сервистік  қызмет көрсету бойынша келісімшарттар жасасты. Компанияның негізгі мердігерлері GeneralElectric, «Қамқор Локомотив» ЖШС, «Электровоз құрастыру зауыты» ЖСШ, «AlstomKazakhstan» ЖШС, «СКД-7» ЖШС және «Asmadinproject» ЖШС болып табылады.

Поделиться:
Популярные новости
38 / 23.07.2024

Хабарландыру

"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС Қазақстан Республикасының және Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) кеден заңнамасының талаптарын о...

190 / 17.07.2024

Хабарландыру

"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС Қазақстан Республикасының және Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) кеден заңнамасының талаптарын о...

911 / 17.05.2024

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Адамдар біз үшін басты құндылық! Сондықтан еңбек қауіпсіздігі мәдениетін үздіксіз жетілдіру-басқарудың барлық деңгейлеріндегі әрбір басшының мін...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер